СЕССИЯ ӨТТІ

0

2024 жылдың 15 шілдесі күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов, қала, ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорын басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлы Мұсабековтің төрағалық етуімен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда:

«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі №6-9 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы.

Сарысу аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.