ҚОҚЫСТЫ ӨРТЕУ
Көп жылдық тәжірибе көрсетіп отырғандай, құрғақ, жылы ауа райының басталуымен халықтың құрғақ шөп пен қоқысты өртеуімен байланысты өрттердің саны өсуде.
Жылдан-жылға бірдей көрініс қайталанады: темір жолдар мен шассенің бойында, егістіктер мен жартастарда сабан мен былтырғы шөптер, қоқыстар жанып жатады. Сонымен қатар, біздің кез-келгеніміз, шөпті өртеп жатқан жасөспірімдерге, көліктен толық сөнбеген темекіні лақтырып жатқан жастарға, табиғатта көңілді отырыстан кейін артын жинастырмай кететін демалушыларға, белгіленбеген жерлерде қоқыс жағып, жанып тұрған от қалдырып кететін адамдарға ескерту айтпағандықтан, ондаған жерлестеріміздің жылдар бойы жинаған мүлкін жоғалтуына, баспаналарынан айырылуына себепкер болудамыз.
Наурыз айының басынан Жамбыл облысы аумағында қураған қамыс және қураған шөптердің жану оқиғалары тіркелуде. Бұндай өрттердің негізгі шығу себебі- отты абайсыз қолдану.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес» өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау» жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды тұлғаларға-50 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.
Өрт сөндірушілер азаматтарды желді ауа райында және тұрғын үйлердің, құрылыстардың, орман алқаптарының жанында от жақпауға шақырады. Отты қараусыз қалдырмаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтаңыздар!
Ж.Танабаев,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
Менингококк инфекциясыныѕ алдын алу
Вирус ауа тамшылары, тұрмыстық қатынас, тағам арқылы, сондай-ақ ашық су қоймалары мен бассейндерге шомылу кезінде жұғуы мүмкін. Инфекцияның басты көздері-ауру адам және бактерия тасымалдаушылар. Менингококк инфекциясы ауа тамшылары арқылы жұғатын ми мен жұлын қабықшасының қабынуымен өтетін ауру. Инфекция негізінен жоғары тыныс жолдары арқылы жұғады. Егер адамның иммунитеті мықты болса, қарсы тұра алуы мүмкін. Бактерия ауада ұзақ сақталмайды, ыстықта, желді ауа райында жойылып кетеді. Сондықтан жақын қарым-қатынаста, желдетілмеген ортада тез тарайды.
Алғашқы белгілері жоғары дене қызуы пайда болып, бірнеше сағатта денеде бөртпелер пайда болады. Үйді, отырған орнымызды жиі желдетіп, ауасын тазартып отырған жөн.
Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуы, бас ауырып, әлсіреу, құсу, жөтел, тамақтың қабынуы, денеде қызыл бөртпелердің пайда болу, жарыққа қарай алмау мен бұлшық еттердің ауыруы.
Аталған белгілерді байқаған жағдайда дереу дәрігерге хабарлау қажет. Алдын алу шаралары: Қолды сабынмен жуу, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау; Көкөністер мен жемістерді мұқият жуу; Қайнатылған және бөтелкедегі суды ішу; Ашық су қоймаларында шомылмау; Бөлмелерді тұрақты желдету, дезинфекциялық ерітінділермен ылғалды тазалау; Халықтың көп жиналған жерлерінде медициналық маска кию.
А.Ермек, аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бөлім
басшысы
мїмкіндікті жіберіп алма
Қазақстандық және ресейлік үлгідегі Қос дипломды білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен артықшылықтары.
Дулати Университеті «Қазфосфат» ЖШС мен және Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық университетімен біріге отырып, бірлескен ғылыми- зерттеу және білім беру қызметі саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда. Қос дипломды білім беру бағдарламасы Дулати Университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасында дайындалатын 6В05314-«Химия» және 6В07115-«Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуда.
Қазақстандық және ресейлік үлгідегі екі диплом алу (Дулати университеті және Д.И.Менделеев атындағы РХТУ) яғни, қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алған студенттерге қандай мүмкіндіктер беріледі:
- Қазақстандық және ресейлік үлгідегі екі (қос диплом) диплом алу (Дулати университеті және Д.И.Менделеев атындағы РХТУ).
- Келісілген меморандумға сай білім беру бағдарламасының 3 курсында, студенттер дамыған заманауи ғылыми және оқу-әдістемелік базасы, халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандары бар Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінде оқытуды көздейді.
- Оқытудың дуалды жүйесі (оқу мекемесінде білім беру бағдарламаларын меңгеру процесінде тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар «Қазфосфат» ЖШС нақты өндірісінде практикалық білім, білік және дағдыларды алуды қамтамасыз етеді). Дуалды оқытудың тиімді тұстары: оқуды аяқтаған соң маман жұмысқа орналасу туралы ойланудың қажеті жоқ, ол «Қазфосфат» ЖШС-не жұмысқа орналасады; бітіруші тағылымдамасыз және қосымша оқытусыз қызмет атқаруға дайын болады; еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар дайындалады.
- (Дулати университетінде 1+1 жыл, Мәскеуде 1 жыл, «Казфосфат» ЖШС 1 жыл).
- Қос дипломды білім беру бағдарламасының студенттері жоғары деңгейдегі шәкіртақы (200 мың теңге көлемінде) беріледі.
- Қос дипломды білім беру бағдарламасының түлектері облыс бойынша жоғары жалақысы бар «Казфосфат» ЖШС-не жұмысқа қабылдануына кепілдік береді.
- Білім алушыларға облыстық және республикалық бюджеттерден мақсатты білім беру гранттары беріледі.
- Жатақхана. Студенттер екі немесе үш бөлмелі 3 жайлы жатақханамен қамтамасыз етіледі. Жатақханаларда кітапхана, оқу залы, асханалар, әр қабатта ас үй мен жуынатын бөлме, кір жуатын, душ, демалыс бөлмелері бар. Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алған студенттерге басқа да әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қос дипломды білім беру жүйесі енгізіліп, шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс орнап, студенттерімізге тәжірибе алмасуға мүмкіндік туып отыр. Меморандумға сәйкес үш жақты талаптар химия және химиялық технология салаларында бірлескен жобалар әзірлеуге мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар студенттер, магистранттар, докторанттар, ғылыми дәрежеге үміткерлер үшін Ресей мен Қазақстанда тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру жоспарлануда.
Cу мамандарын
дайындайтын білім ордасы
Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман мәртебесі кез-келген мемлекеттің мақтанышы болып қала береді және біз бұл мамандықты таңдауда, мектеп түлектері үшін критерийдің бірі болады деп үміттенеміз.
Біздің түлектер су шаруашылығы саласының келесі салаларында табысты жұмыс істей алады — гидроэнергетика, туризм, сумен қамту және суды бұру, өнеркәсіптің ақаба суларын тазарту, су ресурстарын басқару және т.б.
Құрметті талапкерлер, біздің институттың білім беру бағдарламаларын таңдаңыз, мұнда сіз қажетті теориялық және тәжірибелік білім аласыз, өзіңізді көрсетесіз, бұл болашақта Сіздерге қызықты және жоғары ақылы жұмыс табуға көмектеседі.
1.М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су ресурстары» келесі білім беру бағдарламаларынан бакалавр мамандарын даярлайды:
- 6В07302 — «Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар»;
- 6В07301- «Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру»;
- 6B08615- «Су ресурстарын басқару».
- 6В07321- «Гидротехникалық мелиорация»;
- 6В07110- «Гидроэнергетика»;
- 6В04129 — «Су шаруашылығының экономикасы»;
- 6В07118- «су шаруашылығы механизациясы»;
- 6B08612-«Мелиорация және суармалы егіншілік»;
- 6В08610-«Гидроэкология».
«Су ресурстары» кафедрасы үш деңгейлі білім беру жүйесі бойынша мамандар — бакалаврлар, магистрлер және PhD докторларын дайындайды.
- Магистратура бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт):
1) 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар»;
2) 7М07404-«Су ресурстарын басқару»;
3) 7М07403-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім бағдарламалары.
Магистратура бойынша (бейіндік бағыт) өндірістен қол үзбей қашықтан оқу мүмкіндігі бар:
1) 7М07402-«Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар».
- Докторантура бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт):
8D07411-«Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар». 8D07413 — «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», 8D07412-«Сумен қамтамасыз ету және суды бұру».
2024 жылы 10 маусымда Қазақстан республикасы үкіметі «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КеАҚ – екі білімордасына бөлінбек. Осы орайда, бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты қайта жаңғырылады деген сөз, су мамандарын даярлау мемлекет тарапынан қолға алынып, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КеАҚ – болашақ су кадрлары үшін негізгі білім ошағы болмақ.
2024-2025 оқу жылына бакалавриат бойынша 6B086-«Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасына — жалпы 330 (оның ішінде 100 – колледжден кейін) грант, В173-«Гидрмелиорация» — 20, В175-«Сумен қамтамасыз ету және суды бұру» — 20, В176-«Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару» — 20 беріп отыр.
Магистратурада
7М074-«Су шаруашылығы» білім беру тобына – 45 грант, оның ішінде
М129-«Гидротехникалық құрылыс» — 30,
М229-«Гидромелиорация» — 5;
М329-«Сумен қамту және суды бұру» — 5,
М429-«Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқру» — 5 орын.
Докторантурада
8D074-«Су шаруашылығы» білім беру тобына – 10 грант, оның ішінде
D129-«Гидротехникалық құрылыс» — 4,
D229-«Гидромелиорация» — 2;
D329-«Сумен қамту және суды бұру» — 2,
D429-«Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқру» — 2 орын.
ТарӨУ осы оқу бағдарламалары бойынша 400 гранттық мақсатты орын берілді. Күндізгі және қашықтан оқыту үшін, оның ішінде екінші жоғары білімге 1,5-2,5 жылдық мерзімге онлайн білім бебру қарастырылған. Сырттан келгендерге жатақханада орын беріледі.
Бакалавриат бойынша:
Бейіндік пәндер — Математика және физика.
Бұл үшін Сізге жалпы барлығы 50 балл жинасаңыз жеткілікті.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-73-92, 45-22-35
E-mail: targu@mail.ru
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, 2.5-201
Қосымша ақпарат алу үшін 87473974540; 87006650885; 87072739379.
С.Қ.Жолдасов,
М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ «Су ресурстары»
кафедрасының доценті
Азаматтыќ хал актілерін мемлекеттік тіркеу
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды кез келген тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу орнына қарамастан береді.
Бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, сондай – ақ енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге байланысты мұрағаттық акт жазбасының негізінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік (бұдан әрі — қайталама куәлік) беріледі.
Қайталама куәліктер актілік жазбалармен нақты сәйкестендіріліп жазылады. Жергілікті жерлердің атаулары сол кезде болған әкімшілік-аумақтық бөлініске нақты сәйкестендіріліп көрсетіледі, ал тіркеуші орны мен беру орны– қазіргі кездегі әкімшілік-аумақтық бөлініс көрсетіледі.
Егер актілік жазбада ұлты, азаматтығы туралы мәліметтер болмаса, берілетін қайта куәліктердің тиісті бағандары толтырылмайды.
Қайталама куәліктер азаматтық хал актісін тіркеу туралы жазба жасалған адамдарға қатысты беріледі.
Он алты жасқа дейінгі балалардың туу туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, ұл (қыз) бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі, он алты жастан асқан, бірақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-анасының біреуінің не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде қайталама куәліктер беріледі.
Қайтыс болу туралы қайталама куәліктер қайтыс болған адамның жақын туыстарына, оның мұрагерлер тобына кіретін басқа адамдарға беріледі.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік ісі бар нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.
Қайталама куәліктерді беру туралы өтініштерді тексеру АХАЖ АЖ-да жүргізіледі.
Егер АХАЖ АЖ-да мәліметтер жоқ болса, өтініште көрсетілген жыл ішінде акті (метрикалық) кітаптар бойынша жүргізіледі, сондай-ақ өтініште көрсетілген азаматтық хал актілері тіркелген жылдан бұрынғы екі және кейінгі екі жыл аралығында жүргізіледі.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеудің нақты жылы көрсетілмесе, тексеру тек АХАЖ АЖ-де жүзеге асырылады. Анықтама АХАЖ АЖ тәсілімен портал арқылы электронды түрде беріледі.
1) акт жазбасы жасалған азаматқа;
2) ата-аналарға, асырап алушыларға, қорғаншыларға және қамқоршыларға;
3) әрекетке қабілетсіз адамдардың қорғаншысы болып табылатын азаматтарға;
4) қайтыс болған адамның туыстары мен мұрагерлеріне беріледі.
Анықтамалар азаматтардың өкілдеріне оның өкілеттігін растайтын құжат негізінде беріледі.
Л.Абдрахманова, аудандық АХАТ бөлімінің басшысы