АУЫЛ игілігі үшін

0

Туған жердің топырағы қашан да қасиетті, қашан да қадірлі. Ота-нын ыстық көретін туған жердің түлектері бар жақсылық пен ынтаны елге, туған жерге арнайды.

Осы орайда, жуырда Тоғызкент ауылдық округіне қарасты Түгіскен орта мектебінің 1984 жылғы түлектері ауылға өзгеше сый жасады.

«Туған жерге туыңды тік» ұранды ту еткен түлектер «Жанна» бөбекжай бақшасына тереңдігі 17 метр болатын құдық қазып, бау- бақшаны суаруға 50 метрлік шланга сыйға тартты. Балалардың қуанышына себепші болған азаматтар осылайша ауыл қарияларының ақжолтай баталарын алды. Жақсылық жасаудың үлкен-кішісі болмайды. Сауапты іске салмақ қосып, өзгеше сый жасауды мақсат еткен түлектер туған жерге тамаша тарту жасай білді.  Түгіскен орта мектебінің  түлегі Бердібеков Құралбек Сәдуақасұлы: — Алтын ұя мектебімізді бітіргенімізге биыл 40 жыл толып отыр. Бүгінде жан — жаққа тарап, әртүрлі салаларда қызмет етіп жатқан барша сыныптастар бірауыздан келісіп, бөбекжай — бақшаға құдық қаздық. Сауабы сарқылмайтын осындай игі істі жасағанымызға қуаныштымыз. Балалардың бақыты мен ауылдың көркеюі үшін теңіздің тамшысындай болса да үлес қосқанымызды мақтан етеміз, — деді. Түлектердің ұшқан ұяға сағынышпен оралып, өздеріне білім берген, тәрбие жолын ұсынған ұстаздарына тағзым етуі азаматтықтың белгісі екені айдан анық.

Самат тоқбанов,   «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.