«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» саябағы ашылды

0

Аптаның басында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жаңатас қаласына кіре- берістен «Таза Қазақстан» саябағы ашылды.

Шаһардың ауа райын жақсартып, көгалдандыруға оң серпін беретін саябақтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан ардагерлері, зиялы қауым, қоғамдық ұйым өкілдері,  мекеме және кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі С.Мамытов сөз сөйледі.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық  акция-сы «Өнегелі ұрпақ» апталығымен жалғасып, осы экологиялық науқанның аясында ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл игілікті іске сарысулықтар да бірауыздан үн қосуда.   Болашақта жаңа саябақ тұрғындар саялайтын, жастар серуендейтін көрікті орынға айналсын. Туған жердің көркеюіне, гүлденуіне үлес қосу әрбіріміздің азаматтық парызымыз, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілегін жеткізді.

Сондай-ақ аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сөз алып,  акция аясында ауданда игі іс атқарылып жатқандығына тоқталып,  саябақтың ашылуы-мен құттықтады.

Жаңа саябақтың лентасын салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Басие Абдрахманов және Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев қиды.

Саябақтың ашылуына келген көпшілік  жаңа саябаққа тал отырғызып, өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар ауданның Құрметті азаматы Басие Абдрахманов:

-Халқымызда «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді», деген аталы сөз бар. Расында туған жерді көркейту-көгалдандыру баршамызға ортақ іс, әрі келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған үлкен қадам деп санаймын. Болашақта осы саябақ тұрғындар тынығып, серуендейтін ауданымыздың ең бір көрікті жеріне айналсын, — деді.

Тілге тиек етейік «Өнегелі ұрпақ» апталығының бірінші күнінде жаңа саябаққа Жамбыл облысының 85 жылдығына орай 85 шырша, Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай, 55  тал көшеттері отырғызылды.

Сәулет есқараев,   «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.