Тазалыққа талап керек
Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі Республикалық штабтың отырысында елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарды барынша жандандыруды қажет екенін айтып, 2024 жылдың 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» науқанын іске асырудың маңыздылығын жеткізді.
Осы орайда, аптаның бейсенбісінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимовтың төрағалығымен жиын болып өтті. Шараға мекеме, бөлім, кәсіпорын басшылары, қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиын барысында Қайрат Маратұлы Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде өтіп жатқан тазалық акцияларының маңыздылығына тоқталып, аталмыш жұмыстарға белсенділік таныту қажеттілігін айтты. Келесі аптаға “Жасыл аймақ” бойынша қала мен ауылдық округтерде тал егу жұмыстары жасауды тапсырып, тиісті сала басшыларына бірқатар жұмыстарды жүктеді. Кез-келген істе бірліктің керегі анық. Себебі ынтымақ бар жерде береке бар. Бірлік бар жерде тірлік де түзелмек.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»