МАҢЫЗДЫ мәселелер талқыланды

0

Құрылысы жүргізілген нысандардың

сапасы бойынша 2024 жылдың І тоқсанын қорытындылау және Құрылыс кодексі

жобасын талқылау мәселелері бойынша аптаның сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында кездесу жиыны болып өтті.

Жиынға облыс әкімдігінің сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, Талас ауданы әкімінің орынбасары Жайықбай Шалдаров, Талас және Сарысу аудандарының тиісті бөлім, мекеме басшылары, мердігерлер, авторлық және техникалық қадағалаушылар қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Тілеубайұлы жүргізіп отырды: — Бүгінгі жиынға аудан аумағындағы құрылыс нысандарының тапсырыс берушілері, мердігерлері, авторлық және техникалық қадағалаушылары арнайы шақыр-ылып отыр. Қызметтеріңізді жүргізуде, бақылау және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты сұрақтарыңыз, пікірлеріңіз болса айтсаңыздар болады,- деді.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімдігінің сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Әшірәліұлы құрылыс нысандары бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар мәселелерге баса назар аударды. Өз кезегінде жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарға толық-қанды жауаптарын алды.

Самат тоқбанов,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.