КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

0

Апта ішінде  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өкілдерімен кездесу жиыны өтті.

Жиынға Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Қ.Дүйсенұлы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.Ергебаев, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Мейірхан Бекпенбетов, сондай ақ, аудан  әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, депутаттар, тиісті мекеме басшылары,  аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімінің өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов ашып, жүргізді.

-Жиынның негізгі мақсаты — бизнес- қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылауға және тексеруге байланысты қойылған мораторий мерзімі аяқталуына байланыс-ты, 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталуы, мобильді аударымдарды салықтық бақылау жүйелері және тағы да басқа бақылау, қадағалау функцияларын түсіндіру,-деді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселеге байланысты  Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Қ.Дүйсенұлы сөз алып, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жан-жақты түсіндіріп өтті.

Одан кейін    аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Иманәліұлы кәсіпкерлік субъекті ғимараттары мен құрылыстарының өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтауы, сақтамаған жағдайда әкімшілік шаралар туралы   түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Жиын барысында  аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д.Қалтайұлы  жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі және мобильді аударымдар туралы тоқталып, кәсіпкерлерге заң аясында жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, аудандық  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Артықбаев санитарлық- эпидемиологиялық талаптар туралы айта келіп,  санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап, бақылауда ұстау керектігін жеткізді.

Басқосуда аудан әкімі С. Мамытов:

-Кез-келген жағдайда, кез-келген уақытта кәсіпкерлерді  тексерулер болуы мүмкін, сондықтан, кәсіпкерлерге заңнаманың барлық тиісті нормалары мен талаптарын сақтау, барлық мәселелер, бизнес- процестерде жүргізілетін барлық жұмыстар заң шеңберінде болу керек,-деді. Жиын соңында хабарламашыларға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алды.

Сәулет есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.