ТИІСТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

0

аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық  мәслихаттың төрағасы Шаттық мұсабековтың төрағалығымен кезектен тыс XIX сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімі С.Мамытов, 12 депутаттың 11-і, мекеме басшылары және  ауылдық округ әкімдері қатысты.

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы  аудан әкімдігі  экономика  және бюджеттік  жоспарлау бөлімі баяндама жасады.

Сондай ақ,  Сарысу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;

Сарысу ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы;

Аудан бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»  Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №14-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сарысу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.  Сонымен қатар қаралған мәселеге байланысты  оны қолдап, дауыс берді.  Осылайша тиісті шешім қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.