Е.ҚАРАШӨКЕЕВ: БАСТЫ МАҚСАТ-ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ МЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖҮЙЕСІН ЖОЛҒА ҚОЮ
Жалпы, елімізде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларды жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленді. «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға қаражат бағыттайды.
Қаржыландыру сыйақы мөлшер-лемесі жылдық 3 пайыздан аспайтын 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды қаржы болып табылады.
Сондай-ақ, қалдықтарды басқару саласындағы мамандандырылған кәсіпорындарға материалдық-техникалық базаны жетілдіруге қаржылық қолдау көрсету мәселесі жіті қарастырылуда.
Жиын барысында бірқатар ұсынылатын жобалар талқыланып, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың баяндамасы тыңдалды. Бұдан бөлек, қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпорындардың өкіл-дері ұсыныстарын жеткізді. Олардың айтуынша, кәсіпорындар сұрыптау желісі мен арнайы техниканы сатып алуды жоспарлап отыр.
Аймақ басшысы жауаптыларға қалдықтарды басқарудың нақты жобаларын ұсынуды тапсырды.
— Жұмыс баяу жүруде. Өз жобаларын ұсынбаған аудандар да бар. Жауапты салалық басқарма кәсіпорындармен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жұмыстарды күшейту керек. Аудандарды күтпей, өздеріңіз барып, жағдайды түсіндіріп, түрлі нұсқаларды көрсетіңіздер. Басты мақсат – қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін жолға қою. Қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар ерекше бақылауда, — деді облыс әкімі.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Дені саудың-жаны сау
Адамның өміріне араша болып жүрген ақ халатты
абзал жандардың жұмысы үлкен жауапкершілікті
талап етеді.
Қоғамдағы рөлі айқын сезілетін дәрігерлердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандық орталық ауруханаға атбасын бұрып, жұмыс барысымен танысып, орталық аурухананың және ауруханаға қарасты емхананың ғимараттарын аралады. Аралау кезінде ем қабылдап жатқан науқастармен тілдесіп, көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын сұрады. Дәрігер-мамандардың қабылдауына келген бірқатар азаматтармен жеке қабылдау өткізіп, арыз-шағымдарын тыңдады. Емхана мен стационарлық емдеу бөлімдеріндегі пациенттерге көрсетіліп жатқан қолдаулар мен қызметтерді көрді.
Емделушілерді қолдаудың басты мақсаты біріншіден, халықтан түскен арыз- шағымдарды қабылдау, тіркеу, шағымдарға байланысты тиісті шаралар жасап, алдын алу жұмыстарын жүргізу. Осы ретте, атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрген аудан басшысы осы саладағы бірқатар мәселелерге назар аударып, тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аурухананың жедел жәрдем және қабылдау бөлімінен бастап, әрбір дәрігерлердің кабинеттеріне кіріп, жұмыстарымен танысты. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге арналған медициналық қондырғылар туралы мәліметтер алды. Алдағы уақытта ауруханаға қажетті медициналық аппараттарды алуға қатысты жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Жедел жәрдем көліктерінің жағдайы мен алғашқы медициналық көмек көрсету, ауыр науқастарды дер кезінде облыс орталығына жеткізу бағытындағы жұмыстардың барысын көріп, өз ұсыныстарын айтты. Айта кету керек, ауданда 24 денсаулық сақтау нысанында 709 медицина қызметкері қызмет көрсетеді. Аудандық аурухананың халықты тіркеу бөлімінде 38178 адам жазылған. Жыл сайын денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы жақсарып, шалғай өңірлерде де жаңа медпункттер бой көтеріп келеді. Жаңатас қаласындағы аудандық орталық аурухана ғимараты 1969 жылы салынған. Алдағы уақытта жаңа ғимарат салу үшін жобалық — сметалық құжаттары жасалынып, тиісті орындарға жолданған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Тұрғындардың мәселесі басты
назарда
аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуі кестеге сәйкес Жаңаарық ауылдық округінде жалғасты.
Мемлекет басшысының әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі С.Мамытов есептік кездесуде тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.
— Халқымызда: «Тірлік басқа болса да тілек бір, бармақ басқа болса да білек бір» деген аталы сөз бар. Өткен жыл егемен еліміз үшін түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге толы болды. Барша тұрғындардың берекелі тірлігінің арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында оң динамика қалыптасты.
Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп — 104,2%-ға, инвестиция — 175,3%-ға, құрылыс — 182,4%-ға, тұрғын үй — 101,2%-ға, ауыл шаруашылығы — 90,0%-ға, бөлшек сауда — 132,2%-ға орындалды.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауданда мүйізді ірі қара — 1 850 басқа, жылқы — 1 729 басқа, түйе — 643 басқа, құс — 319 басқа артқан (мүйізді ірі қара — 25 817 басқа, қой-ешкі — 215 810 басқа, жылқы — 10 253 басқа, түйе — 3 372 басқа, құс — 26 873 басқа жетті). Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артуда. 2023 жылы өндірілген ет көлемі 4,6%-ға, сүт өнімі 5%-ға артты. Аудандағы егістік жер көлемі 24 717 га, оның 24 508 алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 279,5 га артық. Ауданда барлығы 683 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген.
Жайылым жерлерін пайдалану бойынша барлық ауылдық округтерде жайылымды пайдалану схемасы мен жоспары дайындалып, аудандық мәслихатпен бекітілді. Аудан халқын жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде елді мекен жерлері 72 470 гектардан 182 470 гектарға ұлғайып, қосымша 110,0 мың гектар жайылым аудандағы елді мекенге бекітіліп берілді. Бүгінгі таңда ауданда жайылым жетіспеушілігі жоқ. 2023 жылы пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша белгіленген 31,5 мың гектар жер толық қайтарылып, жоспар 100 пайызға орындалды. Аудандағы суармалы егіс көлемі 3950 гектар, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларына жиналған ағын су 16 канал жүйесімен суармалы алқапқа су жеткізілуде. 2023 жылы Бүркітті каналына облыстық бюджеттен 113,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 2,0 шақырым ұзындығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық «ҚазСуШар» РМК мекемесі теңгеріміндегі 12 канал аудандық коммуналдық меншікке алынып, аудандық бюджеттен 48,0 млн. теңгеге 10 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аудандағы шабындық жер көлемі 34,0 мың гектар. Талас өзені арнасында орналасқан шабындық жер — 6 508,0 га, облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Талас өзенінің суы Сарысу ауданына жетуін тапсырған, осыған орай жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шу өзені бойында шабындық жер 13 800 га. Шу арнасымен келе жатқан ағын су Мойынқұм ауданы арқылы 80 м3/сек. өтіп, аудан шекарасына жетуге 13 шақырым қалды,-деп «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы, кәсіпкерлік саласы ірі компаниялар мен инвестициялық жобалар, тұрғын үй бойынша, құрылыс жұмыстары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, елді мекендерді ауыз сумен қамту, автокөлік жолдары, елді мекендерді газдандыру, аудандағы әлеуметтік сала, бюджеттік-инвестициялық жобалар, мобильді байланыс және интернет туралы, жолаушылар тасымалы және жарықтандыру бойынша тоқталып өтті. Ауданда атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан басшысы ауылдық округінде де жүзеге асқан жобалар мен алдағы округте жоспарланған жұмыстарға да тоқталды. Ауылдың тыныс-тіршілігін толықтай қамтыған жиында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында қолға алынған жұмыстар да қамтылды. Ауыл тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есепті баяндамасын талқылауда белсенділік танытып, көгілдір газ, күре жол бойына көліктердің жылдамдығын бақылайтын бейнебақылау құрыл-ғысын орнатуды, мектеп алдына жол белгілерін орнатып беруді сұрады.
Аудан әкімі С.Мамытов әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен халықтың ұсыныстарын шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді.Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдігі жиында айтылған пікірлерге іс-шара жоспарын жасап, жұмыстар атқаруды жүзеге асыруды тапсырды.
Аудан әкімі биылғы жылы да аудан тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлесе атқару керектігін айтып, жиынды қорытындылады.
Жиыннан соң азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Сәулет ЕСҚАРАЕВ,
«Sarysý»
Ўмытылмас талант
Қазақ киносының тарихында көптеген майталман мамандар үлкен еңбек сіңіріп, ел назарына танымал туындыларды ұсынған. Көгілдір экранға
мол дүниелерді әкеле білген талантты
сала мамандарына деген құрмет
әрдайым жоғары тұрады.
Қазақ кино өнеріне, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында жуырда Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен КСРО халық әртісі, театр және кино актері, қазақтың тұңғыш кинорежиссеры Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұмытылмас талант» атты тақырыптық кеш өтті. Кешті жүргізген мәдениет қызметкері Жаңабай Қуандықов ұлы тұлғаның бала Шаһкерімнен — «Қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановқа дейінгі өмірімен, шығармашылығын шыңдаған режиссерлік еңбектерімен, алғашқы сомдаған рөлдерімен, кинодағы образдарымен таныстырып өтті. Тағылымы мол шараға қатысушылар белсенділік танытты. Кеште өнер көрсеткен өнерпаздар көрермендердің ықыласына бөленді. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі болған Шәкен Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М.Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе», «Туған жер» және «Атаманның ақыры» фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.
Ислам діні-имандылықтың кілті
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету мақсатында «Ислам діні-имандылықтың кілті» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме-сұхбат өтті.
Іс-шарада «Майлыбай» мешітінің бас имамы Кәрімбеков Ғабит «Әрбір ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз» деген Хакім Абайдың сөзін келтіріп, иман және имандылық тәрбие жайлы және мұсылман баласына жат болған әдепсіз істерден бойды аулақ ұстап, кешірімділік пен мейірімділікте, жанашырлықта болу туралы айтып өтіп, дініміздің жастардың руханиятына қосатын үлесін түсіндірді.
Байқадам ауылдық округі әкімінің аппарат жетекшісі Еспенбетов Мұрат жастарға адами құндылықтар туралы айтып, өз пікірін білдірді. Іс-шарада оқушылар өздерінің діни сауаттылықтарын көрсетіп, имандылық, ар-ұят жайындағы дана бабаларымыздың нақыл сөздерін жатқа айтты.