Алғыс айту парызымыз

0

Жүрекке жылу ұялатып, көңілге сенім беретін адами қасиет пен құндылықтардың бірі — алғыс айтып, ризашылық білдіру болып табылады. Адаммен адамды жақындастыратын бұл қуаныш мейірімділік пен шынайылықтың бастамасы екені күмәнсіз.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа- тұс келетін 1 наурыз — Алғыс айту мерекесіне орай, аудандық бекітілген жоспарға сәйкес, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының информатика пән мұғалімі Азамат Есенбаевтың ұйымдастыруымен «Алғыс айту парызым» атты акция өткізілді. Игі шараға мектеп оқушылары белсенділікпен қатысты. Алдымен    оқушылар Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Кенжегүл Сарсековаға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Өз кезегінде мектеп басшысы осындай ұйымшыл оқушылардың ыстық ықыласына алғысын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Мұнан кейін оқушылар сынып жетекшісі Азамат Есенбаевпен бірге аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық біріктірілген қорғаныс істері бөлімі мен қала әкімі аппаратына арнайы барып, жүректегі жылы лебіздерін арнады.

Қауырт жұмыста жүріп, мұндай күтпеген тосынсыйға тап болған басшылар мен қызметкерлердің жүздерінен қуаныштың ізі айқын байқалып тұрды. Көңілге жылулық ұсынған аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Самат Тоқбанов,  «Sarysý»

Ќазаќ еліне ризамын

Ырысы мен берекесі тасыған қазақ халқының көңілі сондай кең. Сонау қиын-қыстау шақтарда қаймықпай күресе білген ержүрек ел бір шаңырақтың астына талай ұлт пен ұлыстың басын біріктірді.

Түр мен тілге қарамай бәріне бауырмалдық таныту тектіліктің белгісі. Бүгінде бейбітшілік құсы көкке қанат самғаған шақта елдігіміз нығайып, өркендеу жолында алға самғап келеді. Осы орайда, мен де осынау тұтастықты сақтап, бірліктің туын ұран етіп жүрген қазақ еліне алғысымды білдіремін. Менің есімім-Ольга. Орыс ұлтының өкілімін. Жаңатас қаласында 44 жылдан бері тұрып келе жатырмын. Бүгінгі таңда, зейнеткермін. Кәсіппен 10 жылдан бері шұғылданып келемін. Қазақстаным маған қашан да қымбат. Себебі осында балаларым туып-өсті. Тіпті  құрбыларым да қазақ ұлтынан.

Қызығы мен шыжығы қатар жүрген өмір айдынында мен өзімді бақытты елдің тұрғынымын деп санаймын. Бір атаның баласындай бір шаңырақта тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан еліміздің ғұмыры ұзақ болғай деп тілек білдіремін.

О.БУРЕНКОВА, зейнеткер

Жақсының жақсылығын айт

«Өмірге риза болып, алғыс

 айт!», — деп дана халқымыз айтқандай, адам өзінің  өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы  барын қанағат тұтып, осының да  бар болғанына «рақмет» деп алғысын білдіреді.

Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді,  өмірде  барды бағалаудан басталады. Біз бүгін бір- бірімізді бағалап, қадірімізді біліп, ризашылығымызды   Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат ұжымына білдіреміз.

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі және оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру деп ойлаймын.

Осы орайда мектеп жанындағы интернат ұжымына рақмет айтамын. Себебі, интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларымызға барлық жағдай жасалынған. Балаларымыздың қарны тоқ, бес мезгіл ыстық тамақ ішіп жүр. Сабақтан бос уақытта техникалық шығармашылық орталығына ағаш өңдеу, ұшақ жасау үйірмелеріне қатысады. Аула клубта информатика сабағына қатысып, аудандық балалар өнер мектебінің қолөнер үйірмесіне барады.

Сондай-ақ, балаларымыз ауылдық балалар кітапханасына барып, түрлі іс-шараларға қатысып, мектеп кітапханашылары бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында балаларға түрлі әдеби кітаптар оқуда.

Аптасына  бір рет жексенбі күні моншаға баруына жағдай жасалады. Интернатта тазалық жұмыстары уақытылы атқарылып жатыр. Интернат ұжымы әрқашан да аянбай тер төгіп, өсіріп отырған балаларымызға жылу сыйлап, мейірімділік танытуда.

Әр адамның   басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін алғыс білдіру керек деп ойлаймын.

Б.Бәйдік,

мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушісінің

 ата — анасы

Жылы лебізін арнады

Самбо күресінен халықаралық

жарыстарда атой салып, бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған Асылжан Орынбасарова Алғыс

айту күнінде  өздеріне қолдау

 білдірген әр жанға жылы лебізін білдірді.    

Спорт саласында  жеткізген бапкерлері мен қазақ жанкүйерлеріне рахмет айтып, ризашылығын білдірді.

1 наурыз – береке-бірлік пен ынтымақты арттыратын алғыс күні. Сол үшін алғысымды ең алдымен, Аллаға шүкірлік айтамын. Аллаға мың да бір алғыс. Ата-анама және осындай дәрежеге жеткізген жаттықтырушы ағайлармен жарыстарға демеушілік жасаған аудан басшыларына,  ауылдастарыма көп рахмет айтамын.

Жастардың спорт түрлерімен шындап айналысуына бар жағдай жасалынуда. Қазіргі таңда қаладағы шағын аудандарда спорт алаңшалары көптеп салынып, сарысулықтардың бұқаралық спортпен шұғылдануына қажетті жағдайлар жасалынуда.Сонымен қатар біздің болашақ чемпиондардың шығуына да әсер етеді. Біз, алматылық спортшылар, көк туымызды желбірететін ізбасарларымыздың көп болғанын қалаймыз.  Сондай-ақ атаулы мерекеде аяулы ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Сіздің тәрбиеңіз бен біліміңіз ешқашан ұмытылмайды,-деді.

Спортшы қызымызға  әлем ареналарында жеңіске жетуіне  сеніміміз мол.

«Sarysý-Aqparat»

 

Ќолґнердіѕ хас шебері-Аружан

Ерекше талғам мен асқан жауапкершілікті талап ететін қолөнер саласы кез-келген жанға бұйыра бермейтін, тек шын шеберге ғана арналған бөлек сала. Қолдан түрлі бұйымдарды мінсіз жасап, сезіне білу қиын да қызықты жұмыс.

Қолөнерде жүріп, шыңдарға ұмтылып, жеңісті жолдарды жалғап жүрген ауданымыздың өнерпаздары түрлі сайыстардан жүлдесіз қайтқан емес.

Жуырда Алматы облысы, Талғар ауданы, «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың әдеби мұрасын дәріптеуге арналған «Тау деген ана туған дара тұлға» атты 2 -республикалық өнер мен білім онлайн конкурсы өткізілді. Сайысқа аудандық мәдениет үйінің «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Қожантай Аружан қатысып, ауданымыздың намысын қорғаған болатын. Мәні терең сайыс барысында Аружан өзінің «Фетр», «Гобелен», «Изалон»  материалдарынан жасалған бұйымдарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша жас талаптың еңбегі көпшіліктің көңілінен шығып, жүзден жүйрік атанып, бас жүлдені иеленді.  Ауданымыздың абыройын асқақтатып, мерейін тасытқан Аружанның бұл жетістігі ауданымыздың жеңісі деп білемін. Қолөнер саласының дамуына үлес қосып жүрген жас талаптың алар асуы алда болсын!

Р.Өтембаева,  аудандық мәдениет үйінің директоры

Робототехника-еліміздің болашағы

Робототехника бағытының даму болашағы зор. Робототехника оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге ықпал етеді, сонымен қатар,    бұл жастарды ғылым, технология,

математика арқылы жаңашылдыққа

шабыттандыратын, бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін өз дағдылырын қолдануға, жағдайды талдауға шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік беретін өте тартымды білім ортасы деп ойлаймын.

Ел ертеңі- білімді ұрпақ екені бәрімізге аян. Баланы білімді етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз шығармашылықпен айналысып,  тынбай жұмыс істеу қажет.

Тараз қаласындағы Ш.Мұртаза атындағы Халық-аралық Тараз инновациялық институтының спорт кешен-інде өткен «Robotek Grand Tournament» Республикалық чемпионатының облыстық кезеңінде Ыбырайым Сүлейменов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушылары Тұрар Бекасыл мен Мейрамқұл Арайлым үшінші орынға ие болды.

Отанымыздың ертеңгі күнгі тірегі болар халық ойшылдары мен қайратты азаматтарын тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету, жаңа ақпараттың технологияларды сабақта тиімді пайдалану үлкен табыстарға қол жеткізері сөзсіз.

Бүгінгі технологиялар дамыған заманда, адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп тұрады десек те болады.

Г.Ташикова,

Ыбырайым Сүлейменов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.