СЕССИЯ ӨТТІ

0

2024 жылдың 26 ақпаны күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 18-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов, қала, ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорындар басшылары мен

 БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлының төрағалық етуімен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 18-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан мақұлданды және сессияда тиісті шешімдер қабылданды. Депутаттар тарапынан біршама ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта ескеріліп, орындалатыны туралы ауызша қанағаттанарлық жауаптар алынды.

Атап айтқанда:

«Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» жетінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі №6-8 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы.

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.

Сарысу аудандық эвакуациялық комиссия құрамын бекіту туралы.

«Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық  және ұйымдастырушылықты қамта-масыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы №77-3 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы.

«Сарысу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі №27-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Аудандық мәслихат

аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.