АТҚАРЫЛҒАН жұмыстар сараланды

0

Аптаның сейсенбісінде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы аудан активімен есептік кездесуі өткізілді. Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков, жергілікті мәслихат депутаттары, сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімінің аппараты, жергілікті қауымдастық пен ардагерлер кеңесінің төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы» аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Л.Ерсейітова баяндама жасады. Келесі мәселе «Аудандағы сайлаушылар, сайлау учаскелері және сайлаушылар тізімін өзектендіру, әр сайлаушының мәліметтеріне тұрғылықты мекенжай кодтарын енгізу жұмыстары туралы» аудан әкімінің аппарат басшысы Қ.Рысдәулет баяндады.

Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен талқыланып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Есеп беру кездесуін қорытындылаған Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, сайлау науқанында жоғары белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.

Самат Тоқбанов,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.