Бүгінгі жігіт-ертеңгі сарбаз

0

Өткен аптада Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып бара жатқан жас сарбаздарымызды әскерге шығарып салу мақсатында «Бүгінгі жігіт-ертеңгі сарбаз» атты кездесу кеші өтті.

Бұл жиын – ел тыныштығын қорғауға, Қазақстанның айбынын асқақтатуға, өзінің азаматтық борышын өтеуге аттанғалы отырған Ахмет Бекзат пен Шукен Нұрзатты салтанатты түрде әскерге шығарып салуға арналған.
Туған жердің тыныштығы мен елдің амандығы әр азамат үшін қастерлі міндет. Отан қорғау – ер азаматтың абыройлы борышы.
Алғашқы сөз кезегі Сарысу аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы А.Елемесұлына берілді. Өз сөзінде: — «Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында жасалып жатқан шаралар нәтижесінде әскерге қызығушы жастардың қатары едәуір артқан. Отан алдында қызмет етуді борыш деп білгенімен, қимастық сезім де жоқ емес. Бүгінгі күн сіздер үшін ер-азаматтың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі. Себебі, сіздер өздеріңіздің нағыз ер-азаматқа тән болмыстарыңызды айқындаудың бір дәлелі Отан алдындағы азаматтық борыштарыңды өтемексіздер. Бұл әрбір қазақ баласына лайықты қасиет»,-деді. Сондай-ақ, ауданымыздағы ішкі істер саласының ардагері Айдиков Татубай ақ батасын берсе, ата-аналары жүрек жарды тілектерін білдіріп, сәт-сапар тіледі. Мекеме директоры М.Пірімбек құттықтау сөз сөйлеп, мекеме тарапынан естелік сыйлық берді.
Өскемен қаласына әскери борышын өтеуге бара жатқан сарбаздарымызға сәттілік тілейміз!
Бүгіннен басталатын әскери өмірге аттаған қадамдарыңызға сәттілік серік болсын! Отан алдындағы борыштарыңды абыроймен атқарып туған жерге аман-есен оралуларыңа шын жүректен тілектеспіз

Leave A Reply

Your email address will not be published.