ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Бүгінгі күннің басты талабы – билік бұқараға жақын болуы керек. Мемлекеттік қызметшілер алдына келген тұрғынның мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс.
Бұған қоса, елді мекендерді аралап, халықтың жай-күйіне көңіл бөліп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, мұң-мұқтажын тыңдауы тиіс.
Бүгінгі күні аудан әкімі С.Мамытов аталған жайттарды басшылыққа ала отырып, бекітілген кестеге сәйкес тұрғындармен кездесу өткізіп, оларды жеке мәселелерімен қабылдау өткізуде. Тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелеріне құлақ асып, шешу жолдарын қарастыруда.
Өткен аптада «Amanat» партиясы аудандық филиалында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан тұрақты жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қозғалмалы ходунокпен қамтамасыз ету; тұрғын үймен қамту, уақытша қызметтік пәтер беру туралы мәселелер айтылды.
Аудан басшысы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріп, тұрғындар тарапынан айтылған әр мәселе бойынша мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, мәселелерді басты назарда ұстауды тапсырды.
Сәулет есқараев,
«Sarysý»