ҚАЗЫНАШЫЛАР- мемлекет қаржысының сақшысы
Биыл Қазақстанның қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл толады. Атаулы мерейлі күн жақындаған сайын қызығы мен қиындығы мол жолымызды ой елегінен өткізіп, межелеген болашағымызды ойша пайымдаймыз.
Сарысу аудандық Қазынашылық басқармасы республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетеді.
Мәселен, барлық бюджеттік мекеме қызметкерлері осы мекеме арқылы айлық алады. Қаржы саласына қатысты өзге де қызмет түрлерін тиімді іске асырып келеді. Қазынашылық ҚР Президентінің 1994 жылы 27-қаңтар күні №1526 Жарлығымен құрылды. Облыстық Қазынашылық басқармасы 1995 жылы ашылды. Ауданда 1998 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасай бастады.
Басқарманың негізгі функциялары:
Республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету;
Бюджеттердің түсімдер бойынша атқарылуын өз құзіреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету;
Аударым операцияларын: мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шоттарының, мемлекеттік кірістер органдары, КСС, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің, ҚҚЕҚО және МКҚҚА төлемдерді жүргізу.
Қазіргі уақытта Сарысу АҚБ — 41 мемлекеттік мекемелеріне қызмет көрсетеді. Басты мақсат-сапалы қызмет.
Ал, мекеменің ең басты мақтанышы, әрине, қазынашылық саласының мамандары. Қазынашылық жүйесінің қалыптасуына лайықты үлес қосқан ардагерлер – М.Дүйсебаева, З.Омарова, Ш.Абишева қазынашылық жүйесіндегі еңбек жолын 1998 жылдан бастап, әрі қазір де еңбек етіп жүрген қызметкерлер Р.Ахметова, М.Баубеков, Б.Уксикбаев, Г.Стаева жаңа «Баск-М», «ORACLE», «Қазынашылық-клиент» бағдарламаларын енгізу бойынша қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінің модернизация жұмыстарына, оның тәжірибеде пайдаланылуына белсене қатысты және оның мемлекеттік мекемелерде таратылуына өз үлестерін қосты.
«Жақсы жұмыс-жанға тыныс» демекші, біз өз қызметімізді мінсіз атқаруға бар күш-жігерімізді салып келеміз. Мерейтой қарсаңында қазынашылық жүйесі қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық пен бейбітшілік, ең батыл міндеттерді іске асыруда табыстар мен сәттіліктер тілейміз.
Ж.ИМАНБАЕВ, ҚР ҚМ ҚК Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Сарысу аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы
мал ќыстауларын аралады
Өткен аптада аудан әкімі С.Мамытов бастаған топ мүшелері Жайылма, Досбол, Тоғызкент ауылдық округтерінің мал қыстауларын аралап, төрт-түлікті бағып, өрісін кеңейтіп, бала-шағаның нәпақасын тауып отырған дала еңбеккерлерінің хал-жағдайларымен танысты.
Іссапар Жайылма ауылдық округінің малшы қыстауларын аралаудан бас-тады.
Кездесу барысында мал қыстауы, төрт түліктің жем-шөбі, азық-түліктің дайындығы мен қолжетімділігі туралы сөз болды.
Аудан әкімі С.Мамытов өз сөзінде:
-Қыс – қатал сыншы болса, мал қыстату – маңызды науқан. Сондықтан ауданның барлық аймағында жем-шөп қоры жеткілікті дайындалып, қора-жайлар жөндеуден өткізілді. Дегенмен, сынағы көп мұндай қыста шаруаға ұқыпты қарау ғана өз нәтижесін береді. Сондықтан да қыстың көзі қырауда әуелі бастың, одан кейін малдың амандығын ойлаған жөн.
Мал қыстату – төрт түлікті қыстан қысылмай алып шығу ғана емес, төл мен мол өнім алудың да маңызды науқаны. Аймақ тұрғындарынан дауылды ескерту жарияланған уақытта алыс сапарға шықпауларын сұраймыз. Шаруа қожалықтарының жұмысшылары қыстаулар мен жайылымдардан алыс кетпеуге тырысу қажет. Қазіргі таңда елімізде төрт түлік малды асылдандыру күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет тарапынан мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға қолайлы жағдай жасалып келеді. Сондықтан еңбеккерлер мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан жобаларға қатысып, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту қажет,- деп малшылармен және олардың жәрдемшілерімен тілдескен аудан әкімі денсаулықтарының жақсы, дәрі-дәрмектері жеткілікті, азық-түліктері бар екендігін де білді. Шаруалармен кездесу барысында олардың кәсібімен танысып қана қоймай, мемлекет тарапынан қандай қолдау қажеттігін сұрады.
Әр кәсіпкерді мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың айтқан өтініштерін оңды шешуге ықпал ететінін айтты. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Мал өнімінің молая түсуінде аудандағы асыл тұқымды мал өсіретін қожалықтармен қатар мал бордақылап сатуды кәсіп еткен жекелеген тұрғындардың үлес салмағы басым. Соңғы жылдары ауқымында асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарының саны көбейген.
Әр қыстақтың басына күн сәулесінен жинақталған қуатпен жұмыс жасайтын шағын электр стансалары орнатылған. Соның қуатымен тұрмыстық техникалар да іске қосылады. Нәсібін төрт түліктен тауып, кәсібін дөңгеленткен, қыр мен құмның арасын жайлаған шаруа қожалықтары бүгінде алдағы мал төлдету науқанына да тыңғылықты дайындалуда. Аула қораларын жөнге келтіріп, аналықтары мен төлдерін бөлектеп ұстайтын орындарын сайлап, шаруаның қамына кіріскен.
Қорыта айтсақ, биылғы қыстан барша малдың шелді шығарына мамандар мен малшылар сенімді. «Шалқысын қырда бүгін, ой да бүгін, о, менің құт мәйегім, қойлы ауылым» деген шаруақор жұрт тілегінің жүзеге асарына сенімі мол. Лайым солай болғай. Өйткені, бұл ел ырысын еселер береке бастауы.
Сәулет Есқараев, «Sarysý»
тыйым салынады
Қазақстан Республикасының ауыл шаруа-шылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2019 жылғы 28 наурыздағы №17-5-6/82 «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесуге тыйым салу туралы» бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынған. Қазіргі таңда аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің түріне 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу туралы заң жобасы ұзартылуда.
Қ.Ізтөлеуов, Орман молайту
молықтыру инженері
Су-тіршілік кґзі
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады. Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Біреулер қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады. Бұл – судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін қасиеті бар. Әрине, біз қанттың – шайда, ас тұзының – сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар, су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады. Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан. Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады. Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.
А.Тәжіқұлова, аудандық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы
Тўќымды саќтау және дәрілеп егу
Өсімдік ауруы дегеніміз – тіршілік етіп отырған ортадағы қолайсыз жағдайдың әсерінен пайда болатын физиологиялық өзгеріс.
Бұлар өсімдік өсіп тұрған ортадағы ұнамсыз жағдайлардың немесе микроорганизмдердің зиянды әсерінен пайда болады. Егер ауру өсімдікке қоректік заттардың жетіспеуінен болса, мұндай ауру жұқпайды, егер ол микроорганизмдердің әсерінен болса, жұқпалы ауру болғаны.
Жұқпалы ауруларды грибтер, бактериялар, вирустар және паразит өсімдіктер қоздырады. Жұқпалы ауруды қоздырғыштар өсімдіктің зат алмасу процесіне зиянды әсер етеді. Олар өсімдіктің бойындағы қоректік заттармен қоректенеді. Қара күйе ауруы тозаң қара күйе және қатты қара күйе болып екіге бөлінеді. Біздің аудан көлемінде масақты дақылдарда қатты қара күйе ауруы кездеседі. Қара күйе ауруын жою үшін тұқымды химиялық улы препараттармен дизенфекция жасаудың бірнеше жолдары бар, олар химиялық препараттармен құрғақ және ылғалдандырып дәрілеу әдістері.
— құрғақ дәрілеу әдісінің кемістігі бар. Өйткені препараттар дәнге нашар жабысады, сонымен қатар тұқымды дәрілегенде жұмыс істеп жатқан жердің санитарлық – тазалық жағдайын өте төмендетеді. Сондықтан тұқымды ылғалды әдіспен дәрілеу тиімді. Ол үшін препараттың түріне қарай арнайы машинамен 1 тонна тұқымға қосылатын препарат нормасымен 10 литр суға араластырып суспензия жасап тұқымды дәрілеу керек.
Топыраққа түскен хломидоспоралар бір айдан кейін өзінің тіршілігін мүлде жояды. Сондықтан, масақты дақылдардың аңызына күз басында оны толық айдап аударған дұрыс. Масақты дақылдардың қатты қара күйесі тек тұқым арқылы тарайтын болғандықтан тұқымды химиялық препараттармен дәрілеп себу керек, улы дәрі дәннің үстіне жабысып тұрған жұқпалы аурудың грибтерін өлтіреді.
Сондықтан астық өсірумен айналысатын тауар өндіруші дихандар, жоғарыда айтылған кеңестерді жүзеге асыра отырып, сапалы таза тұқым және мол өнім алу үшін тұқымды дәрілеп себіңіздер.
Витавакс 1,5-2 кг/т
Кальфуго супер 1,5-2 кг/т
Раксил 0,2 л/т
Суми – 8 1,5 л/т
ТМТД – 80 1,5-2 кг/т
Осы дәрілердің 1 тонна дәнге кететін мөлшерін 10 литр суға араластырып тұқымды дәрілеп себу керек.
Ж.Мұсаева,
ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» РММ Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалының бас фитопатологы
статистика хабарлайды
Сарысу ауданының 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 8802 тонна ет, 7179,4 тонна сүт, 4273,3 мың дана жұмыртқа, 539,6 тонна қой жүні өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 388,8 тонна ет, 341,8 тонна сүт, 47,0 мың дана жұмыртқа, 13,5 тонна қой жүні артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 25817 басқа, қой 186287 басқа, ешкі 29523 басқа, жылқы 10253 басқа, түйе 3372 басқа, үй құстары 26873 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 1850 басқа, жылқы 1729 басқа, түйе 643 басқа, үй құстары 319 басқа көбейіп, қой 9219 басқа, ешкі 7722 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 93194,5 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 104,2%-ды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 61361,9 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 19850 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 20365,1 млн. теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 4146,1 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 1647,7 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 2498,4 млн. теңгеге сатылды.
Улы газдан абай болыѕыз
Жылу беру маусымы басталысымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады.
Осыған орай, жылу беру маусымының қарсаңында жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрттер мен улы газбен улану оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Сарысу ауданы ТЖБ және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі тарапынан тұрғын үй секторында аула аралау профилактикалық жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына аса назар аударылады, себебі өрттер мен улы газдан улану оқиғалары көбінесе солардың тұрғылықты жерлерінде орын алады. Сондықтан да қала тұрғындарын барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Ол үшін ең бастысы қағидаларды естен шығармайық.
Улы газдан уланудың алдын алу үшін тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтіндіктер сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Улы газдан уланудың белгілері:
Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді). Концентрация 1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.
Улы газдан улану кезіндегі көмек
Мұндай жағдайда зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Ең бастысы «Жедел жәрдем» қызметін шақыруды ұмытпаңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.
Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныс алу керек.
Ә. Бекенов,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.
Ґрт ќауіпсіздігі айлыєы ґтеді
Сарысу ауданында 2024 жылдың 22 қаңтар — 22 ақпан аралығында тұрғын үй секторларында, автокөлік құралдарында және көп қабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. Бұл іс-шара ауданымыздың тұрғын-үй секторы мен автокөліктерде өрттердің санын азайту мақсатында өткізіліп отыр.
Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Саланы таѕдау-маѕызды ќадам
Жамбыл облысы ПД Кадр саясаты басқармасы конкурстық негізде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына заңгер мамандығы бойынша орта, арнайы және жоғары білімдері бар 35 жасқа дейінгі азаматтарды әртүрлі мамандықтар бойынша қабылдайды. Барлық үміткерлерге қойылатын талап: ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай, дені сау, іскерлік, жеке және моральдық сапасының, әскери билеттің болуы қажет. Жұмысқа қабылдау бойынша мәліметтер мен анықтамаларды мына мекен-жайдан алуға болады:
Тұрғылықты мекен-жай бойынша Сарысу ауданы полиция бөлімінен Сарысу АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Шилманбетов Әбдіманап Әбдіәшімұлы, жұмыс телефоны: 6-31-62 немесе Жамбыл облысы Полиция департаменті (Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80), 16 кабинет, телефон 8(7262)99-70-80, Токушев Нұрлан.
Жамбыл облысы ПД Кадр жұмысы басқармасы Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына: ҚР ІІМ Алматы академиясына, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына үміткерлерге іріктеу жүргізеді.
ІІМ Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары және Ақтөбе заң институтына орта немесе арнайы орта білімдері бар 25 жасқа дейінгі және оқуға түсу жылында 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 16 жасқа толған үміткерлер қабылданады.
Барлық үміткерлерге қойылатын талап: ішкі істер органдарының қойылатын талаптарға сай, дені сау, іскерлік және жеке моральдық сапасының болуы. ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарында оқу тегін. Оқу процессінде ҚР ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушыларымен курсанттары казармада тұрады, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, стипендия алады. ҚР ІІМ Жоғары оқу орындарының түлектері жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Жоғары оқу орындардағы оқу уақыты мерзімінде әскери қызмет әткеруге теңестіріледі және толық оқу курстарын аяқтаған жағдайда ішкі істер органдарындағы қызмет отіліне есептеледі. Анықтамаларды мына мекен-жайдан алуға болады.
Тұрғылықты мекен-жай бойынша Сарысу ауданы полиция бөлімінен Сарысу АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Шилманбетов Әдіманап Әбдіәшімұлы, жұмыс телефоны 6-31-62 немесе Жамбыл облысы ПД (Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80), 18 кабинет Гүлмира Асылбек, телефон 99-70-80.
Аудандық полиция бөлімі
Ќўмарлыќќа бой алдыру-тәуелділік ќўрдымы
Қай кез болмасын халқымыз елдің болашағы, жарқын келешегі -жастар қолында деп, олардың тәрбиесі мен біліміне көңіл бөліп отырған.
Жарқын болашақтың бастауына айналған жастардың саналы болып қалыптасуына ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу және оны дамыту.
Осы орайда, Шоқай датқа атындағы орта мектебінде «Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы» тақырыбында 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен коучинг болып өтті.
Коучингтің басты мақсаты: жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеуге көмектесетін отбасы ресурстарын қалыптастыру. Ата-аналардың тәуелділіктің алдын алу және оған қарсы тұру шараларын әзірлеу. Психобелсенді заттарды қолданудың, құқық бұзушылықтың профилактикасын жақсарту үшін жағдай жасау.
Коучинг барысында 10-сынып жетекшісі Жұманов Нұрдос пен мектеп педагог-психологі Мельдеева Айгерім «Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы» тақырыбы бойынша тәуелділік түрлерін (тамақ, алкоголь, есірткі, химия, вейпинг, құмар ойындар және т.б.), жоғары сынып оқушыларындағы тәуелділіктің белгілерін,тәуелді мінез-құлықтың алдын алу шараларын,тәуелділіктің алдын алуда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін айтып видео роликтермен сергіту сәттерін жүргізіп өтті.
Сонымен қатар 10-сынып ата-аналар төрайымы Бекбауова Гүлмира мен Скакова Жанат өз сөздерінде баланы белгілі бір әрекеттерді жасаудан сақтандырып қана қоймай, оларға тыйым салудың себептерін де түсіндіріп кетті.
Жүлделі орындардан көрініп жүр
Өскелең ұрпақтың еліміздің барлық жеріндегі өз қатарластарымен ой-өрісі, таным-түсінігі бір дәрежеде болуы заман талабы.
Бұл-әлемдік өркениетке деген алғашқы нық қадам десек те болады.
Сол сөзіміздің айғағы ретінде қазіргі таңда пікірсайыс додаларын айта кетсек болады. Шоқай датқа атындағы орта мектепте де оқушылар арасында «Білім алаңы» пікірсайыс клубы жұмыс жасап келеді.
Оқушылардың сабақтан тыс әлемдегі және еліміздегі түрлі жағдаяттар мен саяси және әлеуметтік мәселелер төңірегінде өз ой- пікірін ортаға салып, соның дұрыс, бұрыстығы жөнінде пікір қайшылықтарын ортаға салуы -сол тақырыптарға деген үлкен дайындығын, бей-жай қарамайтындығын көрсетеді.
Мектеп педагог-ұйымдас-тырушысы А.Абзалбеков осы Шоқай датқа атындағы орта мектепте құрылған «Білім алаңы» дебат клубының жұмысын оқушылармен бірлесіп жүргізіп келеді. Пікірсайыс клубының мүшелері аудандық пікірсайыс додаларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр
С.Есқараев,«Sarysý»
«ART STAR-2024» жеѕімпазы атанды
Сан алуан қызықтары бар сурет өнері адам баласына берілген таланттың ішіндегі сезімталдысы болып саналады. Сырлы қылқалам шебері атану үшін жас пен қатар тәжірибенің де алар орны ерекше. Бүгінде ауданымыздың атын шығарып жүрген жас суретшілеріміз жетістіктерімен әрдайым мақтанады.
Жуырда Алматы қаласындағы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжінде II Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында «ART STAR-2024″ өнер байқауында Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің 3″Ә» сынып оқушысы Ержан Амир «сурет номинациясы» бойынша бас жүлдені иеленді. Аталмыш сайысқа елімізден, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен 290 қатысушы өтініш қалдырып, 284 өнерпаз балалар қатысып, бақтарын сынады. Оның ішінде сурет өнері бойынша 45 бала қатысты. Суретке қызығушылығы артқан Амир «Балалар — жасөспірімдер орталығына» қыркүйек айынан бері қатысып келеді. Жетекшісі Жүнісбекова Ұлтуардың еңбегінің арқасында шәкірті сайыста озық шығып отыр. Ендеше, таудай талабы бар жас суретшінің алар асуы алда болсын.
Самат қуандықұлы,
«Sarysý»
Дарынды аќын, дәулескер кїйші
Жуырда аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталығында ел арасындағы теңіздің бір тамшысындай болған ақын, жыршы-жырау, дүлдүл күйші, М.Шәутіұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Дарынды ақын, дәулескер күйші» атты әдеби — әуен кеші өтті.
Кештің мақсаты күйші, ақын Мәді Шәутіұлының күмбірлеген күйлері мен әдемі жыр — өлеңдерін халқымыздың асыл қазынасына енгізу, бай әдеби мұрасын ұрпақ игіліне жарату. Жас ұрпақты өнерді, әдебиетті сүюге, кастерлеу-ге баулу. Іс-шара барысында күйшінің өмірі мен шығармашылығына кітапхана қызметкері А.Жанжолова тоқталып өтті. Теледидардан Маралтай Райымбекұлының «Таңшолпан» телебағдарламасына берген сұхбатынан үзінді көрсетілді. Қазақстан Республикасының жыр – терме және айтыс халықаралық одағының мүшесі Талғат Хусайынов Мәді күйшіге арнау жырын тарту етті. Зерттеуші, ғалым Мәмбетов Құдайберген Мәді күйші жайында тағылымды естеліктерімен бөлісіп, өзінің күйшіге арнап шығарған кітаптың жазылу желісіне, шығу тарихына тоқталды. Аудандық, қалалық және ауылдық билер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, зиялы қауым өкілдері Мәді күйші туралы тағылымды әңгімелер айтып, тебіреніп еске алды. Әдеби- сазды кеште «Өнер» мектебінің қызметкерлері күйші рухының мәңгі өлмейтінін, халықтың есінде мәңгі сақталатынын айта келе, Мәді күйшінің «Зар қосбасар», «Қоңыр», Құрманғазының «Адай» күйлерін өнерпаздар орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Ақын Маралтай Райымбекұлының «Дәуірдің үні» атты Мәді туралы естелігін кітапхана қызметкері Жансая Рахимжанова, Асқар Мырзахметовтың «Тағдырлы тұлға» атты естелігін кітапхана қызметкері Нәзипа Иса тоқталып өтті. Мәді Шәутіұлының «Төрт өгіз», «Көңіл күйі» өлеңдерін кітапхана қызметкерлері оқыды. «Дәуірдің үні» атты виртуалды кітап көрмесіне Шынар Қаспақова библиографиялық шолу жасады. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова қорытынды сөз сөйлеп, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді.
Жүзден жүйрік шықты
Халқымызда «Өнерлінің өрісі кең» деген нақыл сөз бар. Өнер айдынында қанатын кеңге жайып, талай бәйгелерде алдына жан салмай, талантымен таңқалдырып жүрген жас өнерпаздарымыз қыр гүліндей өсіп келеді.
Жуырда Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің қолөнер сыныбының оқушылары Алматы қаласында өткен «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік жаса- жаңғырған ұлы далам!» атты республикалық шығармашылық байқаудың қолөнер номинациясы бойынша Үйсінбай Асанәлі І дәрежелі лауреат, Кенжебек Нұрсұлтан бас жүлделерімен марапатталса, мұғалімі Байулиев Қанат республикалық рухани-патриоттық байқауына қолдау білдіріп, жастардың санасын жаңғыртып, көкжиегін кеңейтуге, руханияты жоғары, елге еңбек ете білетін жігерлі, білім өресі биік ұрпақ тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Олай болса, ауданымыздың абыройын асқақтатып, жүрген жас өнерпаздарымызға еңбектерің жана берсін дейміз.
Жомарт ұстаз
Адамға жақсылық жасау жүректі жұмсартып, мейірімділік сыйлайды. Қоғамда сауапты істерге асығып, жақсылық жас-ап жүрген жандар көп.
Соның бірі зерттеуші ұстаз, Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, бірлестік жетекшісі Жапанова Кәмшат Меңдібекқызы. Халықтың баласын оқыту-жауапты іс. Осындай жауапты жұмысты қиындығына қарамай атқарып келе жатқан ұстаздардың бірі. «Адам білім мен дәулетін әуелі өзі пайдаланып, содан кейін басқаларға үлестіріп беруі керек», дейді екен. Кәмшат ұстаздық қызметімен қатар үнемі қайырымдылықпен айналысып жүреді. Ол балаларды жақсы көргендігінен болар. Балаларды қорғау күні қарсаңында ауылдың балаларына тегін 100 балмұздақ таратса, 2020-2021 оқу жылында 20 сыйлық жаңа жылда таратты. 2022-2023 оқу жылында «Мектепке жол» акциясында 1-оқушыға 40.000 теңге қаржылай көмек беріп, бірнеше оқушыға оқу құралдарын алып берді. Биылғы 2023-2024 жаңа жылдық шыршада 50 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етіп өз атынан, қуаныш сыйлады. Ендеше, балалардың жүзіне қуаныш сыйлап жүрген ұлағатты ұстазға мерейіңіз үстем болып, жасап жатқан жақсылықтарыңыз өзіңізге мың есе болып қайтсын!
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»
Біз біргеміз, берік іргеміз
Балалармен жұмыс жасау, оларды білімге құштарлыққа тарту адамға қуаныш сыйлайтын сүйікті жұмыс болып табылады.
Осы орайда, жуырда Жаңатас қалалық «Аула клубы» коммуналдық мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» тобы І – топ балаларымен «Біз біргеміз, берік іргеміз» тренинг жаттығуы өткізілді.Тәрбиеленушілер арасындағы байланысты нығайта отырып, бірін — бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру. Тәрбиеленушілер бір – біріне жылы лебіздерін білдіріп, үлкен жүрекке тілектерін жазып, жүрекшелер ілінді. Тәрбиеленушілермен «Өрмекші торы» ойыны ойнатылды. Ойынға қызығушылықтарын білдірді.
Г.Шонбаева, Жаңатас қалалық аула клубының педагог – психологі