ЖОЛ ТІРШІЛІКТІҢ КҮРЕ ТАМЫРЫ

0

Экономиканың күретамыры саналатын жолдың жағдайы-ерте заманнан күні бүгінгі дейін мәні мен маңызын жоғалтпай келе жатқан өзекті мәселенің бірі. Жылқының жалында, түйенің қомында жүріп, алыс-жақын елдермен жүйелі сауда-шаруашылық байланыстар жүргізген ата-бабаларымыз жолдың қадірін жақсы түсінген.

Ал бүгінгі жағдайдың о заманнан айырмашылығы тек жолдардың тақтайдай тегістігі мен жүйткіген көлігінде ғана. Қазіргі таңда жол қатынасы ел дәулетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытып, жүк және жолаушылар тасымалын жақсартуға, сондай-ақ халықаралық, елішілік қатынастың артуына едәуір әсер етеді.

Жалпы аудан аумағындағы облыстық жолдарды күтіп-ұстауға ағымдағы жылдың басында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Сарысу жолдары» ЖШС-і арасында келісімшарт жасалған.    Бүгінгі күнге, мердігер тарапынан тұйықта 1000 тн құм араласқан тұз және 15 дана техника дайындалған (2-грейдер, 2-зил, 2-пескоразбрасыватель, 2-погрузчик, 2-прицеп, 4-КаМАЗ, 1-МТЗ80).

Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарына (IV тоқсанға) аудандық бюджеттен 3,4 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер анықталған (мердігер – «Sholan-Bay» ЖШС). Қазіргі уақытта мердігер тарапынан аудандық маңызы бар жолдардың қауіпті деген Түркістан, Арыстанды, Үшбас ауылдарындағы жолдардың бойына тұз араласқан 10 тонна құм түсірілді. Мердігердің қоймасында 300 тонна құм, 80 тонна тұз араласқан құм сақталуда.

Батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті жалғаған жол – тіршіліктің күретамыры. Ал оның қадірін жүрген ғана біледі. Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтап, жолда жүргенде абай болыңыздар.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй

инспекциясы бөлімі

Зорлық түбі-қорлық

Тату отбасы қоғам дамуының айнымас бөлігі болып табылады. Тұрмыста зорлық-зомбылықты болдырмау үшін ауызбіршілік керек. Бүгінде отбасында зомбылықты тек балалар ғана емес ата-аналар да көріп отырған жағдайлар кездесуде.

Заң шеңберінде сөйлесек, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

Бұл орайда, түрлі форматтағы шаралар легі өткізіліп келеді. Осы мақсатта аптаның сәрсенбісінде аудандық «Коворкинг» орталығында кітапхана мен аудандағы аналар кеңесінің  ұйымдастыруымен   зорлық -зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық — қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Сейітжанқызы, аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Т.Аққабаев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы С.Қожаназарова, тұрмыстық зорлық- зомбылық орталығының әлеуметтік маманы К.Бақкулиева, аудандық емхананың СОЖ дәрігері Н.Шемирова, облыстық мәслихат депутаты, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Жолмаханова және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері қатысты.

Пресс-стол барысында мамандар мен жиынға қатысушылар қазіргі уақыттағы орын алып отырған ең үлкен мәселе тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кітапхана қызметкерлері Б.Әлиев мен Р.Қадырбеков «Анаңның қадірін біл», «Менің әкем ең жақсы адам», «Ана,әке» атты әндерін орындады. Маңызы бар жиынды облыстық мәслихат депутаты, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Жолмаханова қорытындылады.

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Самат Тоқбанов,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.