«SARYSÝ» ГАЗЕТІ МЕНІҢ СҮЙІКТІ ГАЗЕТІМЕ АЙНАЛДЫ
«Sarysý» газеті менің сүйікті газетіме айналды. Себебі біраз жылдан бері аудандық газет менің сенімді серігім болып келеді.
Ауданның айнасына айналған «Sarysý» газетінің тұрақты оқырманымын. Баспасөз жастарды Отанды сүюге, елін, жерін құрметтеуге баулиды. Үкімет тарапынан қандай қамқорлық, бюджеттік ұйымдарға қандай көмек, жеңілдіктер берілуде, аудан халқының тыныс-тіршілігі, тағысын тағы тартымды материалдарды осы баспасөз бетінен кезіктіруге болады. Аудан және ауылдық округ әкімдердің және халық қалаулыларының қандай игілік жасап, мектептерде қандай жаңалық боп жатқаны да бізге қызық. Мәдени жаңалықтардан өнерлі өрендер жайлы, ауданның бетке ұстар Құрметті азаматтары туралы мақалалар жарық көріп тұрады. Сондықтан, газеттің тұрақты жазылушысы болғаныма өкінбеймін. Аптасына екі рет «Sarysý» газетінде мағыналы, мәнді дүниелер жарияланады. Ұлағатты ұстаздарымыз тәжірибелерімен бөліседі. Дәрігерлер қандай аурулардан сақтану керектігі жөнінде және әр саланың мамандары да ақыл-кеңестерін береді.
Халықтың газетке қызығушылығын ояту мақсатында ашық есік күнін ұйымдастыруда. Бұл акцияның мақсаты – сауаттылықты арттырып, оқырмандарды газетке жазылуға шақыру. Айта кетейін, жазылуға кеңес беріп отырған басылымдар – нақты дерек көздерінен алынып, шынайы ақпарат жариялайтын газеттер. Сондай-ақ, ауданда болып жатқан жаңалықтардан хабардар болу үшін, оқырмандарды жергілікті газетке жазылуға шақырамыз!
Алым Чушбеков,
Ауған соғысының ардагері