Ауданымыздағы балалар өнер мектептерінің оқушылары түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орын алып, аудан намысын қорғауда.
Жуырда Алматы қаласында өткен «Берекелі алтын күз» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы өткен болатын. Сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен жасөспірімдер қатысып, өз туындыларын көрермен назарына ұсынды. Осы байқауға Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер сыныбының ұстазы Қ. Байулиевтің оқушылары Әбдіқадыр Санжар мен Тезекбай Азамат қатысып, аудан намысын қорғап, қолөнер номинациясы бойынша жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медальдармен марапатталды. Сондай-ақ жасөспірімдерді өнерге баулыған ұстазы Қ. Байулиевке балалар мен жасөспірімдерге білім мен тәрбие беріп, өнерге деген олардың құштарлығын арттыруда атқарған белсенділігі үшін Алғыс хат тапсырылды.
Өнерлінің өрісі кең
Осы конкурста еліміздің түкпір-түкпірінен өнерлі жастар бақтарын сынады. Жарыста Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің мұғалімі М.Жанабіловтың шәкірттері Байдүйсен Нұрдаулет бас жүлдені қанжығасына байласа, Тілепберген Шыңғыс І-орынмен марапатталды. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұғалімі М.Жанабіловқа «Үздік дарынды балалар жетекшісі» дипломы табыс етілді.
Өнерлі жастар алдағы өтетін түрлі байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтата берсін дейміз.
С.Есқараев, «Sarysý»