ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ Smart Bilim мектеп- гимназиясын аралап көрді

0

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласында жеке инвес-тициялар есебінен салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясына барды.

Президент білім ошағындағы спорт залын, асхананы және шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға арналған ArtLab кабинетін аралап көрді. Сондай-ақ 1-11 сынып оқушыларын негізгі ІТ бағыттар бойынша 3D-модельдеуге баулитын ArtNation.kz білім беру жобасымен танысты.

Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған бұл мектеп-гимназия биыл қыркүйек айында ашылды. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жұмсалған. Нысанның аумағы – 122 мың шаршы метр.

Бүгінде мектепте 3600 оқушы білім алып жатыр. Мемлекет басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.

akorda.kz

06 желтоқсан 2023 жыл.

Leave A Reply

Your email address will not be published.