БҮГІНГІ КҮННІҢ басты талабы
Нарықтық экономикасы дамып келе жатқан Қазақстан үшін де дуальды оқыту жүйесі қолайлы болмақ. Дуальды оқыту жүйесі бойынша оқыту — білім мекемесі мен өндірісте қатар жүреді. Оның негізі практика мен теорияның ұштасуы. Дуальды оқыту жүйесі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіндегі негізгі проблема — яғни, теория мен практика арасындағы қайшылықтарды шешуге көмектеседі.
Дуальды оқыту жүйесі — әлеуметтік серіктес мекеме үшін өте тиімді, олар өз талаптарына жауап беретін қажетті мамандарды іздеуге шығындалмайды және жақсы студенттерді таңдауға мүмкіндік алады. Бұлай саралау студенттің де білімге, жұмысқа бас қойып, өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Дуальдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – байланысын, әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіби білім беру жүйесінің сапасы артатыны сөзсіз. Осыған орай апта ішінде Жаңатас көпсалалы колледжінде «Әлеуметтік серіктестік – дуальды оқыту жүйесіндегі басты тенденция!» атты тақырыпта ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жұмаділдаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орынбеков, еңбек ардагері М.Мизамбаев, «CEO Soda Ash and Derivates» директоры Ismail Ceylan, «Qazaq Soda» ЖШС-нің директоры R.Ibraimov, тілмаш Н.Тойланбаев, «Жаңатас-Жел-Электрстанциясы» ЖШС-нің эксплуатациялық жұмыстар жөніндегі директоры Ю.Юйцзин, «Қазфосфат» ЖШС-нің оқыту және кадрларды даярлау жөніндегі бөлім бастығы Г.Рахметова , «ЕвроХим – Удобрения » ЖШС-нің қызметкерлері, тау –кен саласының бөлім басшысы Д. Абдиров, әкімшілік бөлімінің бас маманы Б.Байдилдаев қатысты.
Кездесуде «CEO Soda Ash and Derivates» директоры Ismail Ceylan, «Qazaq Soda» ЖШС директоры R.Ibraimov сөз сөйлеп, болашақ жас мамандардың компанияда жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар екендігін жеткізді. Жаңатас көпсалалы колледжінде өткізіліп жатқан іс-шара өте жоғары дегейде болды деп , «QazaQ Soda» ЖШС –нің атынан Жаңатас көпсалалы колледжіне 2 миллион тұратын толық жабдықталған серверлік жүйедегі компьютерді сыйға тарту етті.
Сонымен қатар «Қазфосфат» тау –кен өңдеу кешенінің оқыту және кадр-ларды даярлау жөніндегі бөлім басшысы Г. Рахметова сөз сөйледі.
-Компанияның басты жұмыс түрі –геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын табу және қайта өңдеу, сары фосфорды өндіру және тарату, оның минералдық тыңайтқыш пен азықтық фосфатқа пайдалану. Компанияның жұмысы — Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытудағы күрделі мәселелерді шешуге, әлем нарығына сапалы, шикізат шығаруға , жоғары технологиялық тауар шығарудағы беделін көтеруге бағытталған. Компанияның Жаңатас қаласында орналасқан тау-кен өндіру кешенінде білімгерлер арнайы цехтарда өндірістік, біліктілік алу, дипломалды іс-тәжірибелерінен өтіп келеді және кешен әкімшілігі колледжде ұйымдастырылатын іс-шараларға үзбей қатысады,-деді.
Одан кейін «Жаңатас-Жел-Электрстанциясы» ЖШС-ның эксплуатациялық жұмыстар жөніндегі директоры Ю Юйцзин сөз алып, бүгінгі тақырыптың бастамасы дуальды оқытуды бас-тауды дұрыс деп санайтынын, алдағы уақытта «Жаңатас-Жел-Электрстанциясы» ЖШС-да Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгерлері өндірістік іс –тәжірибеден өтетінін жеткізді.
Сондай-ақ «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-нің тау–кен саласының бөлім басшысы Д.Абдиров, әкімшілік бөлімінің бас маманы Б.Байдилдаев сөз сөйлеп, «ЕвроХим — Удобрения» ЖШС-нің мамандығы бойынша 07110400 «Зертханалық технология», біліктілігі 3W07110402 «Химиялық талдау зертханашысы» Жаңатас көпсалалы колледжінің білім алып жатқан білімгерлерге лабораториялық жұмыстар жасау үшін жағдай жасап, көмек ретінде зертханалық ыдыстар мен приборларды сыйға тарту етті.
Одан кейін еңбек ардагері М.Мизамбаев ел экономикасын дамыту білімді жастардың қолында екенін жеткізіп, студенттерді мемлекетімізді дамытуға аянбай еңбек етуге шақырды. Білімгерлердің білімін шыңдау мақсатында колледжге заманауи құрылғылар сыйға тартып жатқан компания өкілдеріне алғысын жеткізді.
С.Есқараев,
«Sarysý»