ЖАСТАР ЖЕТІСТІГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҮНДЕЙДІ
Жастар — ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де, жастар қазіргі қоғамның жетекші яғни, қозғаушы күші. Еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Жастар қай заманда болмасын, асқақ арман мен үміт, ар мен намыстың символы болған.
Жастар-болашақтың жарқын айнасы іспетті. Кез-келген елдің болашағын оның негізгі қозғаушы күші саналатын, құнды стратегиялық және кадрлық ресурсы ретінде әрекет ететін жастар айқындайды.
Сондықтан жастар саясаты мемлекеттің маңызды міндеттерінің қатарына жатады. Бұл орайда, жастардың табысты әлеуметтенуі және әртүрлі шешімдерді қабылдауға толық қатысуы маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ олардың рухани, мәдени, білім беру, кәсіби және физикалық тұрғыдан дамуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасау да жалғаса беруі тиіс.
Аудан жастарының арасында дарынды әрі талантты, қабілетті әрі шығармашыл ұл-қыздарымыз көп. Сол әлеуетті орнымен ұтымды пайдаланып, халыққа паш ету үшін ең алдымен жастарға қажетті жағдай жасау керек.
Ауданда мемлекеттік жастар саясаты аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тікелей қолдауымен қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді.
Толығырақ тоқталсам: Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, психологиялық, құқықтық кеңес беру, NEET санатындағы уақытша жұмыссыз жастармен жұмыстар жүргізу — «Жастар ресурстық орталығының» басты міндеті болып табылады.
Бүгінгі таңда 14 пен 35 жас аралығындағы жас-тар саны – 12 382. Бұл аудан халқының 28% пайыз-ын құрайды.
Жаңатас қаласында жастардың саны – 6906 (55,7%), ауылдық округтерде – 5476 (45,3%).
Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы ауданымызда іске асуда.
Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері 11 (рухани-адамгершілік, спорттық, мәдени-шығармашылық, құқықтық, діни, психологиялық, экологиялық, этносаралық, әскери–патриоттық, жастарға кеңес беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу) бағыт бойынша 784 іс-шара ұйымдастырылып, 11 142 жас қамтылған. Сонымен қатар, волонтерлік қызмет көрсету бойынша жыл басынан бері – 141 іс-шара ұйымдастырылып, 1740 жас қамтылды.
«Жасыл-ел» жасақтары мемлекеттік бағдарламасын іске асыру:
Наурыз — тамыз айларында 100 жас «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылды. Қамтылған жастар құрамында — NEET санатындағы жұмыссыз, жайсыз отбасынан шыққан, аз қамтылған отбасынан шыққан жастар, сондай-ақ, Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгерлері қамтылды.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары Жаңатас қаласындағы орталық саябақта көгалдандыру жұмыстарын, қоғамдық орындарды, мешіттің айналасын, базар маңына тазарту жұмыстарын, Бүркітті елдімекеніне қарасты алаңдарға тазалық жұмыстарын, көпқабатты тұрғын үйлердің ойын алаңшаларына сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жастарымыз бос уақытында ерікті түрде қарт кісілерге көмек көрсетіп, түрлі қайырымдылық акцияларына белсенді түрде атсалысуда.
Жасөспірімдердің жазғы демалыста бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық және сергіту ойындары өткізілді.
Ауданымызда жастардың бойына тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді сіңіре отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.
Пробация есебінде 35 жасқа дейінгі 34 жас тіркелген. Оның ішінде 3 азамат «Мансап орталығының филиалы» арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында 2 азаматқа «Бастау бизнес» жобасы арқылы (400АЕК) қайтарымсыз грант алу үшін сертификат алуға және өтінім тастауға, бизнес жобаларды жазуға бағыт-бағдар берілді.
Пробация қызметінде есепте тұратын 10 жасқа психологиялық және заңгерлік бағытта кеңес берілді.
Пробация есебіндегі жастарды спортқа баулу және олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Спорт және жастар – салауатты өмір негізі» тақырыбында эстафеталық командалық жарыс, «Тартыlike» спорттық жарысы, «Ойlike» атты интеллектуалды зияткерлік ойындары ұйымдастырылды және құқықтық бағытта тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жыл басынан бері ЖРО-ның 2023 жылғы бекіткен жоспарына сай, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдердің ата-аналарының және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 22:00.-ден, таңғы сағат: 06:00.-ге дейін ойын-сауық орталықтарында және түнгі уақытта қала көшелерінде жүрмеуін қадағалауға байланыс-ты 67 жедел (рейдтік) жұмыстар жүргізіліп, оған – 455 жас қамтылды.
Жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру және мәдениетін арттыру мақсатында қала және ауылдық округтердегі колледждер мен мектептерде жастармен 53 іс-шара (түсіндірме жұмыстары — 24, кеңес беру — 10, дөңгелек үстел — 19) өткізіліп, оған 880 жас қамтылды.
Жастар арасында діни сауаттылығын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді. Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын қамти отырып, «Жастар ресурстық орталығының» жоспарына сәйкес ағымдағы жылда атқарылған жұмыстарға тоқталсам: жалпы саны – қырыққа тарта іс-шара өткізілген.
Сонымен қатар, NEET cанатындағы жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында 7 — бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, 42- кеңес беру алаңы ұйымдастырылды.
Уақытша жұмыссыз жастар санының өзгеріп отыруына (жұмысқа тұруына, басқа облысқа көшуіне, бала күтімі бойынша демалысқа шығуына және т.б.) байланысты ай сайын тұрақты адрестік жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Ақпан айында Түркістан ауылдық округінде «Ұлттық тағам — ұлт мақтанышы» тақырыбында қазақтың ұлттық тағамдарының аудандық байқауы өткізілді. Байқауға күрді, славян, неміс, қазақ өкілдерінен қатысты.
Қазақтың ұлттық тағамдарының барлық түрін дайындаған өзге ұлт этнос өкілдері қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайлы сұрақтарға жауап беріп, өзара сайысты.
Наурыз айында Жаңаарық ауылдық округінің ауылдық клуб үйінде 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Инабатты келін – 2023» атты аудандық келіндер байқауы өткізілді.
Сәуір айында «Жайдарлы Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет үйінде «Nomad» облыстық премьер лигасының 1/8 финалы өткізілді.
Ойынға М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз Инновациялық Университеті, Тараз қаласы Парасат колледжі, Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық Жоғарғы колледжінің білімгерлері және Т.Рысқұлов, Байзақ, Мойынқұм, Сарысу аудандарынан топтар қатысты.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, отбасы құндылықтарын арттырып, ата-ана мен балалары арасында бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, адамгершілік пен сыйластық қасиеттерін жастар бойында қалыптастыру және насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы» атты тағылымдық кеш өтті.
Маусым айында ауданымыздың 95 жылдық тарихын жастар арасында дәріптеп, өзара пікір алмасып, әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында «QAZ Intellekt» интеллектуалды-зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Әр апта, ай сайын жоспарға сәйкес әр бағыттағы іс-шаралар өткізіліп келеді.
Өздеріңізге белгілі биыл Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл толды. Осы орайда аудан әкімдігінің қолдауымен 95 жылдық мерейтой аясында «Сарысуым – саялы өлкем» атты облыстық жас ақындар арасындағы жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға Қордай, Шу, Меркі, Талас, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының ақындары қатысты.
Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Ұйым ауылындағы №11 Сарысу колледжінің асханасында Халықаралық аспаздар күні қарсаңында «Шебер аспаз» аспаздар сайысы көп көңілінен шықты.
Жаңатас көпсалалы колледжінің АКТ залында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен бас-тау алған жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге және отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша «Әскери-патриоттық тәрбие – ел ертеңінің тірегі» атты кездесуде ауданымыздағы бірқатар ашылмай жүрген талантты жастарымыздың жаңаша көзқарастары көрініп, жастарға өнеге боларлықтай шара көрініс тапты.
Бүгінгі таңда, «Janatas jastary» мен «Біз Сарысуданбыз» атты волонтерлік қозғалысының ерікті жастары белсенді түрде жұмыстарын жүргізуде. «Тегін такси», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты қайырымдылық акциялары, сондай-ақ, «Ардагерлерді ардақтайық!», «Саулық», «Қамқор», кәмелетке жасы толмағандар арасында тәртіп, сыбайластықтың алдын алу мен сақтық шараларын қалыптастыру бағыттары бойынша еріктілердің күшімен жыл басынан бері жүз елуге тарта іс-шара өткізілді.
Жастар-болашақтың жарқын айнасы іспетті. Бұл сөздің мағынасына үңілсек, «еңбек» деген ұғыммен байланысып жатқанын ұғасыз. «Еңбектің наны тәтті» деп бекер айтылмаса керек.
Қай саланы алсақ та, Жамбыл облысының оның ішінде Сарысу ауданының мерейін үстем етіп жүрген ұл-қыздарымыз жетерлік.
Мәселен, Талас ауданында өткен «Салт – дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты ұлттық ойын түрлерінен І-орын иеленді. Мамыр айында Тараз қаласында Тараз Инновациялық-гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен «Ректор кубогы» жайдарман ойынына ауданымыздан «Жаңа Париж» командасы қатысып, «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді, мекеменің қызметкері Бауыржан Балғабай бастаған «5:32» командасы Тараз қаласында өткен облыстық Жайдарман лигасының маусымашар кубогын иеленіп, үздік ойыншы атанды. Сонымен қатар, маусым айының 19 жұлдызында Меркі ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай «Туған жер» атты облыстық жыр мүшәйрасында мекеменің «Ұйымдастыру және бақылау» бөлімінің басшысы Айнабекова Назерке Алпысбайқызы жүлделі ІІ-орынды жеңіп алды.
Тараз қаласында өткен «Taraz cup» кіші футболдан жарыста I-орын иеленді. Байзақ ауданында өткен «Байтақ жері, байрақты Байзақ елі» атты облыстық спартакиадасында, Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай Шу ауданында өткен «Салт-дәстүрім-сарқылмайтын байлығым» атты облыстық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткен жарыстарда да жүлделі II-орындарды иеленді. Жалпы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары облыстық жарыстарда жүлделі орындар иеленіп, топ жарып жүр.
Атқарылған іс-шаралар аудандық «Sarysý» газетіне, аудан әкімдігінің инстаграмм және фейсбук әлеуметтік желілерінде, мекеменің инстаграмм парақшасына жыл басынан бері жалпы саны – 702, фейсбук әлеуметтік желісінде – 485 жарияланым болса, аудандық «Sarysý» газеті беттерінде – 35-тен астам жарияланым бар. Желтоқсан айының жұмыс жоспарына сәйкес:
Желтоқсан айының 5-ші жұлдызында «Волонтерлер» күні мерекесі қарсаңында жастар арасында «Волонтер» атты кино көрсетілім қою жоспарлануда. Іс-шара барысында белсенді ерікті жастар марапатталатын болады. 8 желтоқсан күні аудандық «Жайдарман» жастар лигасы аудан әкімінің кубогі ұйымдастырылады, іс-шара барысында белсенді жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталады.
Бүгінде жастардың дамуына барлық жағдай жасалған, олардың мемлекет өміріне қатысуына да ерік берілген. Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне араласуына, патриотизм сезімін нығайту жолында еңбек етуіне құқылы. Сондай-ақ, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мен денсаулық сақтау назардан тыс қалмаған. Жастар әрқашан тың идеялар мен жобалардың көшбасында жүріп, елімізге септігін тигізетін берекелі істердің жаршысы болуда.
«Болашақ-жастардың қолында»,- деп осы сөзді ұран етіп, болашаққа нық қадам басу, көк Туды көкте желбірету біздің, яғни жастардың айқын мақсаты болуы қажет.
Келешектің тізгінін берік ұстап, болашақтың іргетасы болумен қатар, еліміздің еңсесін көтерер азамат болуымыз керек. Айқын мақсатқа жете отырып, жетістікке жетеміз. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш екенін ұмытпайық.
Асылжан Пазылбеков, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің директоры