ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «AMANAT» Партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезінде партия жұмысын қайта жаңғыртуды, сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату мақсатында еліміздің шалғай елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуді тапсырған болатын.
Бүгінде «AMANAT» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімдерінің басты бағыты жекелеген азаматтардың өтініштерінде көрсетілген мәселелерді шешуге көмектесу және атқарушы билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылау жасау болып табылады. Бұл ретте «AMANAT» партиясының аудандық филиалы азаматтардың заңды құқықтарына қолдау көрсетіп, атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге белсене араласып келеді.
Осыған орай, өткен аптада «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Арыстанды ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Есмұрзаев, аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан елді мекендегі ауыз су, ауылға жаңа кітапхана салу немесе үлкен ғимарат бөлу, интернет сапасы төмен, жақсарту туралы, 2.5 пайызбен несие алу туралы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы алу туралы, егін егілетін жерлер алу мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты.
Қоғамдық тыңдауда тұрғындардың өтініш талаптарын заң аясында тиісті жауаптар беріліп, алдағы уақытта бақылауда ұстайтындарын жеткізді.
Қазіргі таңда «AMANAT» партиясының аудандық филиалы атқарушы органдардың басшылары мен аудан тұрғындарының арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарып отыр десек қателеспейміз.
С.Есқараев, «Sarysý»