ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан пәтер кезегі бойынша тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек алу, спорт алаңшасын салу және өзге де жеке мәселелер көтерілді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Қайрат Маратұлы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жауап беріп, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, сала басшыларына аталған мәселелерді шешу жөнінде тапсырмаларды берді.