Өлең жырдың МАЙТАЛМАНЫ

0

Саудакент ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,облысқа,ауданға еңбегі сіңген Саудакент ауылының  тұрғыны,зейнеткер Рәтбек Сүлейменұлының 75 жасына орай «Өлең жырдың майталманы» атты жыр кеші өтті.

Шараның       мақсаты    Р.Сүлейменұлының өмірі мен шығармашылығын, әдебиет жанрына қосқан зор үлесін оқырмандарға насихаттап жеткізу. Ақын шығармаларын оқырмандарға үлгі ете отырып, адалдыққа, адамгершілікке, туған жерді сүюге баулу, патриоттық сезімдерін дамыту.

Басқосу барысында Байқадам ауыл округінің әкімінің орынбасары Ж. Құлыбеков құттықтау сөз сөйлеп Р.Сүлейменовтің иығына шапан жапты.  Саудакент ауылының ардагерлер кеңесінің  төрағасы А. Төлмағанбетов бастаған ардагерлер мен қызметтес  болған  замандастар еңбек жолдарындағы зор жетістіктермен бөлісті.

Сонымен  қатар, кейінгі ұрпаққа үлгі болатын мәдениет саласындағы еңбектеріне баға берілді. Замандасы А. Досжанова мен шәкірті болған Көшкенова Жібек  апай жүрек жарды өлең жырларын оқып берді. Ал,  «Ықылас Дүкенұлы»атындағы саз мектебінің  зейнеткер ұстазы Мұрат Әубәкіров «Салтанат» күйін орындап кештің шырайын аша түсті.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері С.Жөгібаева «Өмірім —өлеңім», А.Ишанбекова «Жұлдызың ағып түскен көк күмбезден»  атты өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Мәдениет қызметкері Н. Халықов «Сайра Бұлбұл» халық әнін домбырамен орындап, әннен шашу шашты. Кеш соңында кеш қонақтары  Рәтбек ағаның шәкірті Жібек Көшкенова иығына шапан жауып жүректен шыққан жырын оқыды,жеке кәсіпкер М.Кәриев ағамызға шапан жауып жылы лебізін білдірді. Өз кезектерінде «Ықылас Дүкенұлы»атындағы саз мектебінің директоры Айгүл Мизенбаева, Саудакент жарық беру бөлім меңгерушісі Қ.Аймағанбетов құттықтау сөз сөйлеп сый -сияпаттарын жасады.Кітапхана қызметкері С.Жөгібаева «Жан сыры»атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Күлшат Тұрмаханова,

Саудакент ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.