ТАРИХПЕН ТАМЫРЛАС ТӨЛ ТЕҢГЕ

0

Апта ішінде  аудандық орталық кітапхананың «Коворкинг» бөлімінің ұйымдастырумен 15-қараша Ұлттық теңге күніне орай «Тарихпен тамырлас төл теңге» атты тақырыптық кеші өтті.

Шараның мақсаты-Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқырмандардың мүмкіндігін арттыру. Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту.

Іс- шараны кітапхана  қызметкері Балкерім Қойлыбаева жүргізіп, теңгенің тарихына кітапхана қызметкері Раушан Қадырбекова толық тоқталып өтті. Сонымен қатар кітапхана оқырманы Баян Сымбат «Кербез керік» және «Балбырауын» күйлерінен шашу шашып, оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлады. «Алтын теңге» атты викториналық сергіту ойнатылып, кітапхана қызметкерлері Ш. Қаспақова  Ш.Сариевтің «Төл теңгеміз» туралы өлеңін мәнерлеп оқыса, Б.Қойлыбаева, Б.Әлиев, Р. Қадырбековалар «Толғау», «Не пайда»,  «Қазақстан» әсем әндерді әуелете шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар кітапхана қызметкері Л.Рахымбаева «Теңге — тәуелсіздік келбеті» атты кітап көрмесіне шолу жасаса, «Коворкинг» бөлімінің меңгерушісі Р. Оспанова келген қонақтарды мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді.

С. Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.