САРЫСУ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ 10 АЙЫНДАҒЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
Бюджеттің орындалуы:Мемлекеттік бюджет бойынша 2023 жылдың 10 айына бекітілген болжам 5 981 396,0 мың теңге, нақты түскені 6 807 677,4 мың теңге, 113,8 пайызға, яғни 826 281,4 мың теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімнің түсуі 106,9 пайызды құрайды немесе 441 347,4 мың теңгеге көп түсім жасалды. Республикалық бюджет бойынша 2023 жылдың 10 айына бекітілген болжам 2 181 547,0 мың теңге, нақты түскені 2 263 706,4 мың теңге, 103,8 пайызға, яғни 82 159,4 мың теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімнің 81,9 пайызды құрайды немесе -499 791,0 мың теңгеге кем түсім жасалды. Себебі, былтырғы жылы қазан айында “ЕвроХим-Тыңайтқыш” ЖШС 105305 БЖК бонусқа 1 688 000,0 мың теңге бір мезеттік төлем жасаған. Облыстық бюджет бойынша 2023 жылдың 10 айына бекітілген болжам 1 647 133,0 мың теңге, нақты түскені 1 831 784,1 мың теңге, 111,2 пайызға, яғни 184 651,1 мың теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімнің түсуі 115,9 пайызды құрайды немесе 251 3302,9 мың теңгеге көп түсім жасалды. Аудандық бюджет бойынша 2023 жылдың 10 айына бекітілген болжам 2 152 716,0 мың теңге, нақты түскені 2 712 186,9 мың теңге, 126,0 пайызға, яғни 559 470,9 мың теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімнің түсуі 134,3 пайызды құрайды немесе 689 835,5 мың теңгеге көп түсім жасалды.
Берешек сомаларды өндіру жұмыстары туралы: Заңды және жеке кәсіпкерлер бойынша бересі сомасы 01.01.2023 жылға 69 439 мың теңгені құраса, 08.11.2023 жылға 33 962,0 мың теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда -35 477,0 мың теңгеге немесе -51,0 % кеміген. Осы салық төлеушілердің бересі сомалары камералдық бақылау және ағымдағы кезеңге тапсырған салық есептіліктері бойынша пайда болған. 2023 жылдың 10 айы бойынша барлығы 1014 хабарлама 450 салық төлеушіге салық берешегін өтеу туралы хабарламалар берілді. Банк шоттары бойынша 56 салық төлеушінің 178 072,0 мың теңгеге шығыс операциялары тоқтатылып, 52 салық төлеуші бойынша 160 853,0 мың теңге берешек сомасы өндірілді.Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтата тұру туралы 292 өкімі 192 841,0 мың теңгеге шығарылып, берешек соманың өндірілуіне байланысты салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 247 өкімі кері қайтарылды.
Салық берешегі бар 175 салық төлеушіге 107 375,0 мың теңгеге мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылды. 85 033 мың теңге берешек соманың өндірілуіне байланысты 139 салық төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімі кері қайтарылды. Сонымен қатар, «Жаңару-2017» ЖШС ГАЗ-330232-240 авто көлігіне мүліктің тізімдеме жасалып, билік етуі шектелген мүлкі 11.01.2023 жылы сауда-саттық тағайындалып (торг) 5,7 мың теңге сатылды. Бюджетке мүлікті сатудан түскен сомасы 5,7 мың теңгені құрады. Мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған 35 салық төлеушінің уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес иелік етуінде мүліктерінің болмауына байланысты тізімдеме актісін жаусау мүмкін болмауда. ҚР Салық кодексінің «Жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу» туралы Заңын бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 279 бабының 2 бөлігіне сәйкес 44 салық төлеушіге 491,7 мың теңгеге айыппұл салынып, оның ішінде 44 салық төлеушіден 491,7 мың теңге бюджетке өндірілді. ҚР Салық кодексінің 123 бабының 2 тармағын орындамағандығы үшін, Ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 288 бабымен 2 салық төлеушіге ескерту беріліп, 1 салық төлеушіге 25,9 мың теңге айыппұл салынып толықтай бюджетке өндірілді.«Камералды бақылау нәтижелерінің тізілімі» ақпараттық жүйесінің жіберілімдері бойынша: Салық базасын кеңейту, қосымша резервтер көзін табу мақсатында 01.11.2023 жылға бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, “Камералды бақылау нәтижелерінің тізілімі” ақпараттық жүйесінің жіберілімдері бойынша автоматты және қолды камералдық бақылау жүргізу нәтижесімен бұзушылық сомасы 1 907 372,7 мың теңгеге 135 хабарлама/хабарлау қалыптастырылған, өнделген хабарлама бойынша 782 056,8 мың теңге салық есептілігіне жатқызылып, есепке жатқызылған сомадан 197 431,6 мың теңгесі артық төлем есебінен жабылса, нақты ақшамен өндірілгені 534 427,5 мың теңге немесе 68,3% .
Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен есеп айырысу бойынша – 2023 жылдың 10 айына бұзушылықтар анықталған жоқ, яғни хабарламалар қойылмаған. Сот органдарының актілері негізінде іс-әрекеттер немесе мәмілелер жарамсыз деп танылған бағытындағы камералдық бақылауға қатысты – 2023 жылдың 10 айына бұзушылықтар анықталған жоқ, яғни хабарламалар қойылмаған.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 бұйрығымен бекітілген «ҚР-ның мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер ережелері» бойынша белгіленген ережелері мен тәртібіне сәйкес, 2023 жылдың 10 айында 11 қызмет түрінен жалпы 29029 мемлекеттік қызметтер мерзімінде және сапалы көрсетілді. Оның ішінде: электронды 28925 (99,6 пайыз), қағаз жүзінде 104 (0,3 пайыз). Мерзімі бұзылып көрсетілген – қызмет болған жоқ.
Аудан бойынша 01.11.2023 жылға сәйкес 38702 жеке тұлғалар, 366 – заңды тұлғалар, 4937 – жеке кәсіпкерлер (оның ішінде 583 шаруа қожалықтары) тіркелген. Жоғарыда көрсетілген салық төлеушілердің ішінде заңды тұлға 338 әрекетті, 25 уақытша тоқтатылған заңды тұлға, 3 –әрекетсіз заңды тұлға. 4617 әрекетті жеке кәсіпкерлер, 292 уақытша тоқтатылған, 27 -әрекетсіз жеке кәсіпкерлер. 2023 жылы 10 айында салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 67 бабы бойынша — 840 жеке кәсіпкер тіркеуден шығарылды. Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 93 бабына сәйкес 30 — салық төлеуші мәжбүрлеп тарату тізіміне енгізілді. (3-заңды тұлға, 27 жеке кәсіпкерлер) Өндірістік емес төлемдері бойынша жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарының берешек сомаларын өндіру барысы туралы: Жылжымайтын мүліктің объектілері бойынша: тұрғын үйлер саны – 5587; пәтерлер саны – 4739; саяжайлар – 380; гараж – 491 тіркелген. Жеке тұлғалардың мүлік салығы болжамы 2023 жылдың 10 айында 1465,0 мың теңге болса, одан бюджетке 2527,5 мың теңге төлем жасалынып, болжамдық көрсеткіш 172,5 пайызды құрап, бюджетке 1062,5 мың теңге салық түсім жасалынды. Салық түсімі өткен жылмен салыстырғанда 71,4 мың теңге кем түсім жасалынды. Жеке тұлғалардың мүлік салықтарынан бересі сомалар төмендегідей болды. 01.01.2023 жылғы жағдайға берешек сомасы мүлік салығынан 342 жеке тұлғалардан 91,0 мың теңге болса, 01.04.2023 жылғы жағдайға берешек сомалар мүлік салығынан 342 жеке тұлғалардан 91,0 мың теңге толығымен бюджетке өндірілді. Мүлік салығы бойынша салық берешектерін өндіру жөніндегі бекітілген кесте мәліметтері орындалды. Салық берешектерін өндіру мақсатында ай сайын аудан әкіміне салық түсімдерін өндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында аудан әкіміне апта сайын өтетін аппарат кеңесінде қарап, ықпал етуге хаттар жолданды. Сонымен қатар, мүлік, жер және көлік салық төлемдерін төлеу жөнінде аудандық «Sarysý» газетіне, «Шапағат» сауда орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығында,аудандық орталық мешітке радиотаратқыш арқылы хабарландырулар берілді. Жаңатас қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері арқылы 84 көп қабатты этаж үйлердің кіре беріс есіктің жақтауларына хабарландырулар ілінді. Апта сайын көпшілік жиналатын жерде радиорубка арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізіледі. Жеке тұлғалардың көлік салығын әкімшілендіру бойынша: 31.10.2023 жылғы жағдайға жеке тұлғалардың көлік салығының болжам сомасы 65631,0 мың теңге болса, бюджетке нақты түскені 89885,0 мың теңге, орындалуы 137,0 пайызға немесе 24254,0 мың теңгеге артығымен орындалды. 04.04.2023 жылғы жағдайға бересі сомасы 1961 жеке тұлғалардан 43052,6 мың теңге болып, 31.10.2023 жылға 537 жеке тұлғалардан 20265,5 мың теңге салық берешектері қалыптасып, 03.04.2023 жылғы бересімен салыстырғанда 1353 салық төлеушілерден 21 928,1 мың теңгеге азайды. Жеке тұлғалардың көлік салығынан берешек сомаларын азайту мақсатында жыл басынан 1961 салық төлеушілерге 43 052,6 мың теңге хабарламалар шығарылып, осы шығарылған хабарламалар бойынша 1326 салық төлеушілерден 21 604,0 мың теңге бюджетке өндірілді, 616 салық төлеушілерге 16 737,2 мың теңгеге салық бұйрығы шығарылып жеке сот орындаушыларға жолданды. Осы жолданған салық бұйрықтары бойынша бюджетке 451 салық төлеушілерден 9 728,5 мың теңге көлік салығы мәжбүрлеп өндірілді. Жеке тұлғалардың берешек сомаларын өндіру шараларын жүргізу мақсатында аудандық Полиция бөлімі, жеке сот орындаушысымен 40 бірлескен рейдтік іс шаралар жүргізілді. Нәтижиесінде 85 салық төлеушіден 2 589,0 мың теңге бюджетке өндірілді, оның ішінде айыппұл тұрағына қою арқылы 12 салық төлеушіден 497,0 мың теңге бюджетке өндірілді. Және де аудандағы қала және ауылдық округ әкімдеріне салық берешектерін толық көлемде жинау жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде үнемі түрде хаттар жолдануда. Халық көп шоғырланған жерлерде базар, сауда үйі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, автовокзалға ағымдағы жылға салық төлемдерін төлеу туралы хабарландырулар ілінді.
Д.Қ.Жигитеков,
аудандық МКБ-ның басшысы