Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 12-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов және қала, ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорындар басшылары қатысты.
Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 12-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, депутаттар тарапынан мақұлданды және сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Атап айтқанда:
- «2023-2025 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №38-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Сарысу аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы.
- «Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі №6-8 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы.
- Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 шілдедегі №26-3 «Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сарысу аудандық мәслихат аппараты