СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Өткен аптада Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында Сарысу аудандық бұқаралық спорт бөлімінің Түркістан ауылдық округі бойынша спорт-нұсқаушысы Рамазан Қайсарбеков пен ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен волейболдан аудандық турнирі болып өтті.
Шараның мақсаты-спорттың бұқаралығын арттырып, спортты халық арасында кеңінен насихаттау. Турнирге ауылдық округтердің командалары қатысты. Нәтижесінде 1-орынды Жаңатас қаласының құрама командасы, 2-орынды Үшбас ауылының командасы, 3-орынды Өндіріс ауылының командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командаларды Түркістан ауылдық округі әкімдігі бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жеңімпаз атанды
жуырда Тоғызкент ауылы, Түгіскен жалпы орта білім беретін мектебінде «Діни экстремизмнің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» ұранымен «64» шаршы дойбыдан 2007-2016 жылдары туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілігі өтті.
жарысқа Қаратау және Жаңатас қалаларымен қоса Талас, Сарысу, Байзақ, Меркі аудандарында 90 –ға жуық жас дойбышылар қатысып, бақтарын сынады. Жарыс нәтижесінде №26 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушы Заурбекова Жазира, Алиева Еленаның шәкірттері үздік шықты. Атап айтар болсақ, ұлдар арасында Қалмұхан Нұрлан 1-орынды, Саражидинов Дениз, Құмбай Айсұлтан 3-орынды қанағат тұтты. Ал, қыздар арасында Қалмұхан Арайлым 1- орынды жеңіп алса, Дәулетияр Адиля 2-орынға ие болды. Үздік ойыншы Азарова Нина атанды.
С. ЕСҚАРАЕВ, «Sarysý»