«SARYSÝ» — ЖАСТАРДЫҢ ГАЗЕТІ

0

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығына жазылу науқаны басталғалы бері мекеме, бөлім мамандары мен ардагер аталарымызда,  ағаларымыз да қалыс қалмай төл басылымға тегіс жазылып жатыр.

Солардың ішінде жастар қауымы да бірліктерін танытып, ауданымыздың төл басылымына жазылуда белсенділікке бет бұруда. Әрі әлеуметтік желілерге аудандық газетке жазылу туралы бастама көтеріп, барлық жастарды науқаннан кеш қалмауға үндеу тас-тап жатыр. Бұл расында көңіл қуантарлық жағдай. Газетімізге алғашқылардың бірі болып жазылған белсенді жастарымыздың бірі, аудандық мәслихат депутаты, қоғам белсендісі Бауыржан Балғабай жазылымда шет қалмауға үндей келіп, қоғамның айнасы «Sarysý» — ға жазылуға атсалысуға шақырды: — Бүінде ауданымызда 12 мыңнан аса жас бар. Әр жас аудандық газетке жазылса бұл басылымға деген басымдық беруіміз болып саналады.

Әр нөмірде жастарды назардан тыс қалдырмай, атқарылып жатқан жұмыстар мен алуан түрлі ақпараттарды ұсынып жүрген қоғам жаршысына деген жанашырлықты бүгіннен бастауымыз керек. Сондықтан барлықтарыңызды газетке жазылуға шақырамын, -деді.

Жастармен жаңашылдыққа ұмтылып, ұранды сөздерді болашақ ұландарға жолдауда басылым салмағының басым екенін білеміз. Сондықтан, газетке жазылуда аянып қалма, жас жалын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.