АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ЖАЗЫЛДЫ
Жаңалықтардың ақжолтай хабаршысы, боямасыз әңгімелерді жеткізуші төл басылымымызға 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу науқаны қызу жүргізілуде.
Жазылым басталды деген хабарды алысымен алғашқылардың бірі болып белсене жазылып келе жатқан мекемелер мен бөлімдерді тілге тиек етуді жөн санадық. Осындай белсенді бөлімнің бірі — аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері тиісті бөлініске сәйкес, газетке жазылу жұмыстарын жандандырып келеді. Бөлім басшысы Қ.Тілеубаев өз сөзінде былай деді: — Аудан тарихымен тығыз байланысты болған аудандық «Sarysý» газеті қоғамдағы өзекті мәселелермен қатар, өңірдегі жаңалықтармен бөлісіп келеді. Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хабарлары мен атқарып жатқан жұмыстарын да үзбей жариялап, халықты ақпараттармен құлағдар етіп жүр. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына газетке жазылуды жұдырықтай болып іске асырсақ, газетке деген ықыласымызды арттыратыны анық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, өлкеміздің төл басылымына бір кісідей жазылуға атсалысайық, -деп жылы лебізін жеткізді. Құрметті жазылушы, қадірменді оқырман!
Газетке жазылумен қатар, айтар ойларыңыз бен ұсыныс-тілектеріңіз болса біз әрқашан қабылдауға дайынбыз. Сіздерден тек қолдау күтеміз.