СЕССИЯ ӨТТІ

0

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 10-ы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі С.Мамытов, қала және ауылдық округтер әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдер мен кәсіпорындар басшылары  қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 10-ы сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Олар:

«Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Сарысу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.

«Жаңатас қаласының бас жоспары. «Түзету» жоспарын бекіту туралы Сарысу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы №33-3 шешімінің күшін жою туралы.

«Сарысу аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы №26-15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

«Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарламашылар баяндамаларын оқыды, комиссия отырысында депутаттар сауалдар қою арқылы әр мәселені толық талқылау арқылы танысты, тиісті мекемелер өкілдерінен қажетті мәліметтер алынды. Сессия барысында депутаттар айтқан қосымша ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта ескерілетін болады.

Сессия отырысының онлайн-трансляциясы Facebook әлеуметтік желісінде (Сарысу мәслихат) қолжетімді.

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Сарысу аудандық мәслихатының «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №45-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сарысу аудандық мәслихатының  2023 жылғы 23 қазандағы №10-6 шешімімен әр түрлі жағдайларға байланысты шығып қалған бос орындарға төмендегі құрамда округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайланды.

ТАӘ Сайлау учаске нөмірі Партиялылығы, қоғамдық бірлестік мүшелігі
Дәуренбекқызы Алима АСК «Чернобыл апатынан зардап шегушілер» ҚБ
Әлімхас Дулат Ханатұлы 366 «Сарысу патриоттары» жастар ҚБ
Сериев Аскар Умирбаевич 367 «Ардагерлер кеңесі» Сарысу аудандық филиалы ҚБ
Сердалина Назира Тулеутаевна 367 «Жаңатас қалалық ардагерлер ұйымы» ҚБ
Кошкинбаев Бакытжан Есенерович 367 «Шұғыла мүгедектер қоғамы» ҚБ

 

 

САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ

23 ҚАЗАНДАҒЫ №10-2 ШЕШІМІ

Сарысу ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:  1. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке – 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай мына азаматтарға «Сарысу ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілсін:

1) Айтбеков Оразымбет Жұмашұлы — зейнеткер;

2) Дүйсенбаев Мизан — зейнеткер;

3) Бозжігітов Әнепия Әбенұлы — зейнеткер;

4) Әсем Мұздыбаева — зейнеткер;

5) Елеукулов Онлан – зейнеткер;

6) Жандарбек Қалмырза Сейдіхапбарұлы — зейнеткер;

7) Омаров Жангелді Жайлауұлы – зейнеткер.

  1. Осы шешімді аудандық «Сарысу» газетінде жариялау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Жұмағұловқа жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ш.Мұсабеков,

аудандық мәслихат төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.