25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ТАРИХ ЋӘМ ДЕРЕК

0

25 қазан-Республика күні  қарсаңында  ауданымызда игі шаралар өтіп, «асар» жобасы аясындағы құрылысы аяқталған үй пайдалануға беріліп, аудан тұрғындары кең көлемде мерейлі мерекені атап өтті.

Осыған орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік Ту енгізіліп, салтанатты шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды.

Салтанатты жиында аудан әкімі С.Мамытов құттықтау сөз сөйледі.

— Егемендік туралы Декларацияның қабылдануымен еліміздің егемендігін айғақтайтын жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, мемлекеттік рәміздері бекітіліп, халықаралық қатынастардағы дербестігі айқындалды.  Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап  демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Еліміздің осы уақыттан бері бағындырған шыңдары да, атқарған игі істері де жетерлік. Биыл құрылғанына 95 жыл толып отырған Сарысу ауданының жұртшылығы да ел егемендігін баянды ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Аудан тынымсыз еңбектің, алдағы күнге деген сенімнің арқасында дамудың даңғыл жолына түсті. Биыл ауданымыз айтулы мерекені үлкен жетістіктермен қарсы алғалы отыр.  Республика күні мерекесі алдағы уақытта Тәуелсіздікті дәріптеп, ел егемендігін нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз,—деп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, үздік жетістіктерге жетіп жүрген бір топ азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Жамбыл облысы әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.  Одан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларды  мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар жиында аудандық мәслихаттың шешімімен «Сарысу ауданның Құрметті азаматы» атанған еңбек ардагерлеріне арнайы куәліктер мен төсбелгілерді аудан әкімі С.Мамытов және аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Мұсабеков салтанатты түрде тапсырды.

Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, аудан көркемөнерпаздары мен Тараз қаласынан арнайы келген «Номад» тобы  әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айтулы мереке қарсаңында барлық ауылдық округтерде іс-шаралар өткізіліп, ұлттық  құндылығымыз дәріптелді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері гір тасын көтеру,  арқан тарту,  ләңгі тебу,   қол күрес, тай бәйгесінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Иә, егемендігіміз мәңгі болып, бірлігіміз нығая берсін.  Еліміздің әлеуметтік-экономикасы қарыштап дамып, ел игілігі жолында жасап жатқан игі жұмыстарға сәттілік тілейміз.

С.Есқараев, 

«Sarysý»

Құрметті азамат атағы берілді

25 қазан-Республика күні мерекесі қарсаңында ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосқан бірқатар азаматтар Сарысу аудандық мәслихатының шешімімен «Сарысу ауданының Құрметті азаматы»  төмендегі тұлғалар атанды.

Айтбеков Оразымбет  1936 жылдың ақпан айының 1 жұлдызында Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келіп, тылда еңбек етті. 1952 жылы мектеп бітіріп, комсомол қатарына өтіп, кейін 1969 жылы Коммунисттік партия мүшесі болып қабылданды.

1958 жылдан 1992 жылға дейінгі аралықта шопан болып еңбек етті.

«1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл» мерекелік медалі, «75 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945 гг.» медалі, «Ударник Двенадцатой пятилетки» белгілері, «Победитель Социалистического Соревнования» дипломдары, «Тыңға  50 жыл» мерекелік медалі, тағы да көптеген медальдармен марапатталған.

Дүйсенбаев Мизан  1941 жылдың қыркүйек айының 18 жұлдызында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Калинин ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді азамат, еңбек жолын 1963 жылы Ақмола облысындағы Чистополь ауданының Краснознаменск кеңшарында агроном болып бастаған. Одан кейінгі кезеңде туған жерге оралып, ауыл шаруашылығы саласында үздіксіз ұзақ жылдар бойы еңбек еткен.

1966-1999 жылдары Сарысу ауданында өсімдік қорғау станциясының агрономы бастығы, 1999-2004 жылдары Сарысу аумақтық басқарма бастығының орынбасары, зейнетке шықаннан кейін де 2008-2011 жылдары аудандық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік  орталығының фитопатолог маманы қызметтерін атқарған. 40 жылдан астам уақыт абыройлы және нәтижелі еңбек еткені үшін түрлі медаль, грамоталармен марапатталған. «Облысқа сіңген еңбегі үшін» белгісі, «Ветеран труда» медалі, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігі наградтауы, Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталған.

Анепия Бозжігітов 1953 жылы сәуір айының 6 жұлдызында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жаңатас қаласындағы «Қаратау Химстрой» трестінің жылжымалы құрылыс басқармасында құрылыс шебері болып бастады.

2000-2003 жылдары Созақ ауданында «Қазақалтын» ЖАҚ-ның «Теріскей» ЖШС-де бас құрылысшы лауазымында өңдеу зауытының құрылысын жүргізіп, іске қосты.

2003-2010 жылдар арасында Алматы, Жезқазған, Қостанай, Ақтау қалаларында «Қуат корпорациясы», «Альвин групп», «Dostyk Refinery» ЖШС-де мекемелерінде жоба жетекшісі болып еңбек етті.

2010-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жобалау бөлімінің бастығы мамандығын атқарды.

2014 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде жұмыс атқарса, кейін зейнетке шыққаннан кейін техникалық қадағалаушы қызметімен айналысатын «DACO Инжиниринг» ЖШС-нің директоры болып жалғастырып келеді.

Еңбек еткен қай салада болмасын  Бозжігітов Анепия Әбенұлы уақытпен санаспай, бар ынта-жігерін жұмысқа арнады. Ерең еңбегі бағаланып,  «Құрметті құрылысшысы» төсбелгілері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы», «Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы», «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі» төсбелгісімен марапатталды.

Әсем Мұздыбаева 1946 жылы қараша айының 9 күні Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1957-1967 жылдары Байқадам қазақ орта мектебінде оқып, Рес-публика көлемінде қыз-келіншектердің техника тілін меңгеру жайлы үгіт-насихат жұмысы жүргізілуіне байланысты, механизатор мамандығын таңдаған. Осы мамандық бойынша 1968 жылы арнайы курста оқыды. Сол жылдан бастап, Байқадам совхозы  Жаңаталап ауылында трактор руліне отырды. Бірнеше рет облыстық  Советінің депутаты, аудандық партия комитетінің бюро мүшелігіне сайланды. Қазақстан Республикасы Орталық партия Комитетінің пленум мүшесі болды. Социалистік жарыс жеңімпазы ретінде Венгрия Социалистік Республикасына саяхаттық жолдама алды. Облыстық аудандық Советі атқару Комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан еңбек ардагері. «Еңбек Қызыл Ту ордені», «Еңбек даңқы», «Социалистік жарыс жеңімпазы» медалі, «Сарысу ауданының Құрметті ардагері» медалі, «ВЛКСМ-нің Орталық комитетінің Құрмет грамотасы», «Облыстық Советінің атқару Комитетінің Құрмет грамотасы», «Жамбыл облысы жұмысшылар профсоюзы Құрмет грамотасы мен марапатталған.

Елеукулов Онлан Жамбыл облысы, Сарысу ауданы  қазіргі Игілік ауылында 1944 жылы 3 наурыз күні дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ химико-технологиялық институтына түсіп, 1968 жылы құрылыс-инженер мамандығын алған. Сол жылы оқу орнын аяқтағаннан кейін тамыз айында Жаңатас қаласының «ҚаратауХимстрой» трестінің СМА-1 кәсіпорнына мастер болып жұмысқа орналасты. 1969 жылдың наурыз айынан бастап СМП-2 құрылыс кәсіпорнына ауысып, 1972 жылдың наурыз айынан 1975 жылға дейін техника қауіпсіздігі инженеры болып қызмет етті. 1975  жылдан прораб болып 10 жыл жұмыс істеген.

1986-1996 жылдар аралығында басқарманың аға механигі, бас инженері болған.

1996 жылы ПМК-2 А СКХС құрылысының аға механигіне ауысып, 1998 жылға дейін жұмыс істеген.

2007 жылдың 22 қыркүйегінен бастап МЭЗ елді мекенінің көше төрағасы болып сайланған.

2011-2013 жылдары  Жаңатас қаласының ардагерлер кенесінің төрағасы болды.

Аудандық сотта кәсіби емес қоғамдық медиаторлықпен айналысқан.

Еңбек жолы аралығында көптеген көпқабатты үйлер, балабақша, мектеп, аудандық аурухана, ТОЦ, қазіргі әкімшілік ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуіне атсалысқан. 1974 жылы «Победитель социалистического труда», 1988 жылы «Ветеран труда», 2012 жылы «100 лет Д.Конаева», 2017 жылы «Ерен еңбегі» медальдарымен марапатталып, 1992 жылы «Ударник коммунистического труда» төсбелгісінің иегері болды. 1976 жылы КСРО-ның құрылыс министрлігінің «Құрмет грамотасы», 2002 жылы Жамбыл облысының «Құрмет грамотасы», қаланың дамуына қосқан үлесі үшін облыс, аудан және қала басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Жандарбек Қалмырза Сейді-хапбарұлы 1958 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кендірлі ауылында дүниеге келген. 1978-1990 жылдары құрылыс саласында түрлі қызмет атқарды. 1991-1993 жылдары Жаңатас қалалық кеңестік депутаты болды. 2004 жылдан бері Қазақтың «Жаңғыру» ұлттық өркендеу орталығының Жамбыл облысының өкілі. 1988 жылдан бері Республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әр түрлі еліміздің тәуелсіздігі тұғыры болу жолында акциялар өткізіп, соларға басшылық етті. 2013-2014 жылдары «Бақ-Жан» фирмасында тас-ұнтақтау карьерінің бастығы болып істеді. 2017-2021 жылдары Сарысу ауданының алқа билерінің төрағасының қызметін атқарды. Аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте социалистік еңбек ері, дара тұлға Д.Қонаевтың насихаттауында жасаған еңбегі үшін «Д.А.Қонаев» медалі, Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен үздік жетістіктері және қоғамдық белсенді қызметі үшін «Еңбек ардагері» Құрмет грамотасымен, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінң орталық кенесінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік» медалі, «Ауыл еңбегі» үшін медалі, «Астана 20 жыл» медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Омаров Жангелді Жайлауұлы 1959 жыл, 20 қаңтар күні Байқадам ауылында дүниеге келген. 1981-1983 жылдары «Коммунар» кеңшарының қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженер болып еңбек жолын бастады. 1983-1989 жылдары аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, екінші хатшы, бірінші хатшы;

1989-1991 жылдары  Алматы қаласында жоғары партия мектебінің тыңдаушысы; 1991 жылдың шілдесі-қарашасы аралығында Сарысу аудандық партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының төрағасы;

1991-1992 жылдары Сарысу аудандық агрошаруашылығы бірлестігінің «Алма» Республикалық тауарлар биржасының брокері;

1992-1993 жылдары Сарысу ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары;

1994-1996 жылдары Байзақ ауданында «Дәулет» өндірістік-коммерциялық фирмасының директоры;

1999-2004 жылдары Сарысу ауданы әкімінің бірінші орынбасары;

2010-2012 жылдары Сарысу ауданының әкімі;

2015-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасының басшысы болып, зейнетке шықты. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл»,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Шуақты Шуым-ардақты атамекенім» қоғамдық қайырымдылық қорының 2019 жылдың 12 қыркүйегінде №8 бұйрығымен «Саттар Елемесов – 100 жыл», «Сарысу ауданына 90 — жыл», «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін», «Жаңатас қаласына — 50 жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталып, көптеген Алғыс хаттардың иесі болды.

Кґк тудыѕ желбірегені, жаныма ќуат береді

Елдік пен бірліктің айнасына ұласқан

ұлттық мереке — Республика күні халқымыз үшін аса маңызды мереке болып табылады. Дербес ел болып қалыптасып, төрткүл дүниеге төрелік жасаған, айбыны мен байлығы тасқан, бейбітшілік үйлесімін тапқан Ұлы Отанымыздың жасампаз істеріне ел куә. Осы орайда, еліміздің түкпір-түкпірінде аталып жатқан Республика күні мерекесі ауданымызда да кең көлемде тойланды. Таң алагеуім шақта жұртшылық орталық алаңға жиналып, шараның ресми басталғанын тосып тұрды. Мерекелік сәт көк Туды желбірете көтерген шабандоздардың «Атты шеруімен» басталды. Патриоттық сезіммен бастау алған шара барысында «Еңбек ерлері» аллеясында Мемлекеттік Ту салтанатты жағдайда көтерілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, сөз сөйледі.

—Бүгін біз Республика күні мерекесінің құрметіне салтанатты жағдайда Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне жиналып тұрмыз.  Бұл рәсімнің біз үшін маңызы айрықша. Көк Туымыз – еліміздің ең басты рәмізі. Халқымыз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ. Қазақта «Туың жығылмасын!» деген жақсы тілек бар. Бабаларымыз қашанда туын биік ұстаған. Ел басына күн туған шақта бір тудың астына бірігіп, тұтастығын танытқан.

Біз егемендік алған жылдардан бері бір тудың астына біріккен біртұтас ұлт ретінде қалыптастық. Сондықтан көк Туымыз – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі,—деді. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев құттықтау сөз сөйлеп, мерейлі сәттің баршамызға маңызды екенін айта келіп, тұрғындарды отансүйгіштікке, ұлтжанды болуға шақырды. Орталық алаңда Мемлекеттік Әнұран шырқалып, орталық алаңдағы Мемлекеттік Ту салтанатты жағдайда көтерілді. Барлығы бірге Әнұранды шырқау көкке орындады. Мұнан соң аудан жастары «Мен қазақпын» атты патриоттық композиция көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Орталық алаңда аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өткізіліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Рухты көтеріп, еңсені асқақтатқан мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудандық мәдениет үйі мен қалалық өнер мектебі өнерпаздарының кешімен аяқталды. Ұлттық мереке барлық ауылдық округтерде де аталып өтіп, түрлі форматтағы іс-шаралармен жалғасты. «Асар» жобасы аясында Тоғызкент ауылында көпбалалы отбасы санатындағы  Ә

сет Мірәлиевтің жанұясына ауылдағы демеушілер көмегімен 1 сиыр 9 бас уақ мал және малдың қысқы азығы қоса табыс етілді. Іс-шара барысында ауыл қариясы  Ш

ейірбек Тәйменов жиналған көпшілікке ақ батасын берді. Аудандық мәслихат депутаты  Н

аханов Талғат игі іске алғысын айтты. Қайырымдылыққа қол созған шаруа қожалық иелері: Жаппаров Данияр, Елікбаев Әбдіманап, Шубаев Марат, Сыздықов Смағұл, Құрымбаев Нұржан, Божбанов Қажымұхан, Төлепбергенов Рәтбек, Сатбаев Әкім, Мұсаев Шадиярбек, Маи-ров Жансерік, Сағындықов Мейіржан, Наханов Талғат сынды азаматтар.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Түсіпбеков Талғат көпбалалы және толық емес отбасы санатындағы Аманжолова Жадыраның үйіне табиғи отынмен жылыту жүйесін орнатып, осы отбасыдағы барлық  5 балаға қыстық жылы киімдер алып берді. Ауыл азаматтарының арқасында тұрғын үй  а

ғымдағы жөндеуден өтті. Кәсіпкер Талғат Наханов осы отбасына да  бір бас мал сыйға тартты. Биылғы жылғы ауылдық округтегі атқарылған игі іс-шаралардың ішінде кәсіпкер Маиров Еркін «Жанна» бала-бақшасына 1 топтың екі бөлмесінің еденіне заманауи жылыту жүйесін сыйға тартса, Бауыржан Қонысбаев Солтүстік Қазақстан облысынан 1000 дана қарағай көшеттерін әкеліп берді. Бауыржан бауырымыздың бауырмашылдығы былтырғы жылы «Асар» бағдарламасымен үй салуда белсенділік танытса, бұған қоса жыл сайын ауыл азаматтарын «Зеренді» ауданындағы сауықтыру орталығына тегін жолдамалар тарту етіп келеді. Бұл орайда бір жылда  бірнеше рет демеушілік жасап келе жатқан кәсіпкер Көкішов Жұманәлінің елге деген ықыласы мол екені белгілі.

Мереке күнінде Досбол ауылдық округіне қарасты Шағалалы ауылында көгілдір отын берілді. Шағалалы ауылына газ желісін пайдалануға беру салтанатты шарасына аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, көгілдір отынның ауыл тұрғындары үшін маңызды екенін айтты. Жоба құны 89,3 млн.теңгені құрап отыр. Газ тарту құрылысының жұмыстарын мердігер «Тараз-Даниял К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз мерзімінде аяқтады. Ашылу шарасында «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің Талас аудандық шаруашылығының басшысы Әбдірахым Көшерұлы, ауыл қариясы  Оңлыәшім Дүйсенбеков сөз сөйлеп, көптен күткен қуанышты іске атсалысқан азаматтарға алғыстарын жеткізді. Ізгі тілектерден соң көгілдір отынның желісі салтанатты жағдайда қосылды. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Ауданды көгілдір отынмен қамтамасыз ету кезең — кезеңімен іске асатын болады.

Самат Тоқбанов, «Sarysý»

«Асар»  жобасы аясында

Мереке қарсаңында Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында «Асар» жобасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен тұрғын үй пайдалануға берілді.  Облыс әкімінің бастамасы бойынша қолға алынған «Асар жобасы»  ауылдық округте осымен төртінші рет іске асырылды.

Қазақ халқының кейінгі кезде ұмыт бола бастаған игі ісі мереке күні Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны Қайсарбеков Ерланның шаңырағына шаттық сыйлады. Соғылып пайдалануға берілген тұрғын үйге 60 жылдан астам уақыт өтіп ескіріп, тозығы жеткен болатын. Осы қайырымды істі Түркістан ауылдық округінің әкімі Ахан Шортанбаев бастап, округтен шыққан кеңпейіл азаматтар қостап бір отбасыға қуаныш сыйлады. Тұрғын үйдің ашылу салтанатында  аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Имашев құттықтау сөз сөйлеп, ауылдан осы қайырымдылық шараға көмек қолын созған барша азаматтарға шексіз алғысын білдірді.

Игіліктегі игі іс

Мереке қарсаңында Өндіріс ауылындағы клуб үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуден өткен клуб үйінің ашылуына аудан әкімі С.Мамытов қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

— Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы жылы «Ауыл—Ел бесігі» жобасы аясында осы Өндіріс ауылындағы клуб үйін күрделі жөндеуден өткізу қолға алынды.

Бұған жоба аясында 223,6 млн. теңге қаржы қаралды. Клуб үйінің күрделі жөндеу құрылыс жұмыстарын мердігер «Ақ-Айсер Табыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы әрі мерзімінде аяқтап шықты. Бүгінгі жөндеуден өткен, жаңа клуб үйі де ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Ауылдың мәдениеті мен өнері өрістей берсін, —деп  құрылыс жұмыстарын жүргізген компания өкілдеріне және барлық атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Сонымен қатар,  Игілік ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қойшыбай Жүсіпәлиев сөз алып, мереке қарсаңында ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлап отырған аудан басшыларына және құрылыс жұмыстарын жүргізген азаматқа  ризашылығын білдірді. Сондай-ақ  клуб үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жиналған қауым әсем әуен мен тәтті күйден рухани азық алды.

Сонымен қатар, Өндіріс ауылының тұрғыны  көпбалалы ана және толық емес отбасы  И.Алибекованың  «Асар» тәсілімен шатыры ауысқан  тұрғын үй пайдалануға берілді.  Аталған шараға ауыл қариялары қатысып, шаңырақ иесіне ақ батасын берді.

Көпбалалы ана И.Алибекова өз сөзінде игі іске демеуші болып атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

С.Есқараев,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.