Ұстаз-ұлы тұлға

0

Қайта келмес оқушылық күндер-ай!

Бүгінгі басшы — кешегі оқушы. Бүгінде ел тізгінін ұстап, биік белестерді бағындырып жүрген аға- апаларымыз мектепте болған қызықты оқиғаларын жеткізіп, сағынышын түйінді сөзбенен түйіп жатыр. Білім айдынында шыңға шығып, оқуды үздік аяқтау — ұстаздардың ұлы жемісі. Ендеше, назарларыңызға ұлағатты ұстаздар жайлы ыстық естеліктер мен тұшымды әңгімелерді ұсынамыз.

Ұстаздың жұмсақ таяғ­ы…

 

Албырт, алаңсыз шаққа кейде оралғым келе­ді. Таудай болып түл­еп ұшқан мектептегі оқушы кезімді сағына­мын…

Ыстық ұямдағы қызықты сәттің бәрі көз алдымда… Есімде әлі… Байқ­адам Қашқынбаев атын­дағы орта мектепте 6-сынып оқып жүрген кезім. Физика сабағы өтіп жатыр. Сыныпт­асым Айтбай менің көршім еді. Бірде сабақ үстінде тентектік жасап,​ мұғалі­міміз Сәби ағай Айтб­ай-ды бұрышқа тұрғызып қойып саусақпен түртіп кеп жіберген болатын. Сәби ағай қаталдау кі­сі еді. Әлгі  сәт күлкімді қыс­ты ма бір сәтте мен шыдай алмай күліп жі­бердім. Мұндайда Сәби ағайдың жауабы бір­еу. Мені Айтбайдың жанына тұрғызып қойып басымнан ұрды. Содан Айтбай екеуміз де күліп жібе­рдік. Біз күлген сай­ын Сәби ағай бізді ұра береді. Ұрған сай­ын екеумізді күлкі қыса береді. Сондағы ағайдың ұрғаны бізге жұмсақ тигендей көрі­нді. Бәлкім, бізді жәй түртті ме екен… Қазір сол кездерді балалық шақ — ай деп емірене ес­ке алып қоямын. Ұста­здардың түсі қатал болғанымен жүрегі жұм­сақ жандар ғой. Төзі­мі темірден мықты те­рең білім иелеріне толағай табыс пен қаж­ымас қайрат тілеймін.

Шаттық Мұсабеков,

ау­дандық мәслихаттың төра­ғасы

Қорыққанға қос көрінеді

Байқадам Қашқынбаев атындағы қазақ орта мектебінде оқып жүргенде бір

қызық оқиға болды

4 — сыныпта оқып жүргенімізде мектеп ауласына түрі адам баласы қорқатындай үлкен көлік келіп тоқтады. Ұстазымыз сапқа тұрғызып, машинаға жақындатты. Ішінде ақ халат киген апайлар жүр, түсінбей қарап бір жағынан қорқыныш билеп тұр. Сонымен бәрімізді фамилиямен шақыра бастады,  Тәуекел кластасым кірді де есік тарс жабылды. Бір кезде бақырған лақтың дауы-сы шықты. Мен ести сала тұра қаштым. Мейрамкүл апай балаларға қуыңдар деді Абай, Амангелді көшелерін қиып өтіп, қашып барамын. Артыма қарасам Айтбай, Шаттық, Қалкен, Ілестер қуып келеді. Жанұшыра қашып келесі Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне жеткенде бір аяғымдағы аяқ киімім үзіліп қалды. Оған қарайтын шама жоқ ұсталсам, әлгі бақыртатын машинаға апарады. Келесі Садовая көшесіне тастай салып, соған ілігіп үйге жеттім -ау. Әупірімдеп жүріп қақпадан кіріп кеттім. Үйде екі кәрі шешем бар. Олардың еш жауға бермейтініне сенімдімін. Қуғыншылар үзілген тәпішкемді үй жаққа лақтырды да кетті. Сөйтсем ол рентгенге түсіретін жылжымалы көлік екен.Тәуекел марқұм ақ халаттыдан қорқады екен. Оның үстіне демал дегенде демаласың, демалмайсың дегенін естіп зәре құты қалмаған. Ол маған әсер еткен. Сол оқиға  есімнен еш кетпейді.

Айтбала Жолмаханова,

 облыстық мәслихаттың  депутаты

Ўстаздарымызды кґрсек тыєылатын едік

Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын мектептің шамшырағы — ұстаздың ұлы есімі санамызда жаңғырып тұрады.

Арыстанды орта мектебінде (бұрынғы Октябрьдің 40 жылдығы атындағы мектеп) біліммен бірге мықты тәрбие алатынбыз. Алғашқы ұстазым Аязбек Айтбозымов ағай бізге үнемі үлкендерді сыйлауды, кішілерге ізет көрсетуді үйретті. Санамызға үлкенге қарсы келмеу керек екенін мықтап құйғаннан соң ба біз ұяң болып өстік. Көшеде ұстаздарды көре қалсақ қашатынбыз, ұстаз отырған үйге баруға ыңғайсызданатынбыз. Сондағысы ұстаздың қаталдығы емес біздің ол кісілерге деген құрметіміз деп білемін. 5-8 сыныптарда бізге Гүлсім Омарова деген апай сынып  жетекші болды. Ол кісінің ұйымдастырушылық қабілеті ерекше еді. Жаңа жыл кезінде үйден анамыз тігіп берген әр түрлі кейіпкерлер бейнеленген киімдерді киіп, мектепке баратынбыз. Сол кездегі Жаңа жылдың сәні бетперде болатын. Сонда бір- бірімізді бетпердеден танымай қалып, күлкіге қарқ болатын едік. Гүлсім апайымыз әр мерекеге арналған кешті жоғары деңгейде өткізетін еді. Қайран сол қызық кездер… Бүгінде егде тартып ел ағасы болсам да ұстаздардың ұлық есімін әркез ұмытпаймын.

Дәулетберді  Шортанбаев,

аудандық сайлау комиссиясының төрағасы

Берекелі, мерекелі Алтын кїз!

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.

Бұл мезгілде халық несібесі, ел ризығы ғана жиналып қоймайды, сондай-ақ оның осы кезеңде ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке баулу, табиғатты тану, Жер-ананың қасиетін білу және басқа да игі істер негізінде тәрбиелеу ісінде орны айқындала түседі.

Жаңатас қаласындағы мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында 29 қыркүйек күні ата-аналардың қатысуымен «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Орталықтың іші мерекеге орай  безендіріліп, күзге байланысты өлең жолдары жазылып ілінді.

Ертеңгілікте  күз ханшайымы  шақы-рылып, балалар  күз мерекесіне  өздерінің өлең-тақпақтарын оқып, би билеп, ән салып, әртүрлі ойындар ойнатылды. Балалар «Алтын күз» мерекесіне тыңғылықты дайындалғандарын көрсетті.

Орталықтың ұжымы балаларды жақсылыққа үндеу, игі істерге баулу бағытындағы шараларды ұйымдастыру барысында еліміз үшін маңызы зор атау-лы күндердің, түрлі мерекелердің мән-маңызын ашып көрсете отырып, оларды тиімді пайдалануға басымдық береді.

Н.Шалбаева,

орталықтың директоры

Жылы лебіз

Құрметті менің сүйікті оқушыларым! Мектептің табалдырығын аттап, алыс сапарға қадам басқан шақта ақжолтай тілегім мені алға жетелеп, сендерді білімнің ақ жолына бағыт беріп, қаншама күш-жігерімді арнадым.

Рас, бұзық болдыңдар, тентектік жасадыңдар. Оқуға еріндіңдер. Кейде шыдам сарқылып, сендерді түртіп қалатын кездер де болды. Қаталдық та таныттым. Дегенмен, қанша қатал болсам да жүректе сендерге деген шынайы махаббатым мен сенімім тұрды. Мен үшін әр оқушының орны бөлек.  Ұстаз болу асылында оңай жұмыс емес. Терең білім иелерінің мақсаты — жақсы шәкірт тәрбиелеп шығару. Сондықтан, ұстазға деген құрмет әрқашан жоғары тұруы шарт. Бүгінгі мерекеде барша ұстаздарды шын жүрегіммен құттықтаймын. Ұлы мақсаттарға ұмтылған шақта қажырлы еңбектеріңіз еселене берсін.

Кенжегүл Ордабаева,

білім саласының ардагері

Меніѕ арманым

Мен қаламыздағы Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің 6 в сыныбында оқимын. Өскенде мұғалім болғым келеді. Ол мамандық маған өте ұнайды. Себебі мұғалім жұмысы өте маңызды және ауыр. Ұстаз  болу-абыройлы іс деп ойлаймын. Оқушыларға білім және жақсы тәрбие береді. Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы. Дәрігер, ақын, ғарышкер, ғалым бәрі мұғалімнен білім алған. Мұғалім-бұл қасиетті мамандық. Мен оқуымды жақсы оқып мұғалім мамандығына ие болуға тырысамын.

Кәусар Сайын, Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің оқушысы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.