ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК АЙЛЫҒЫ ӨТЕДІ

0

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазан айлары аралығында аудан көлемінде өрт қауіпсіздігі айлығы болып жарияланды.

Айлық   барысында Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен  аудан аумағында орналасқан тұрғын үй секторларында, көпқабатты тұрғын үйлердегі, сонымен қатар жем-шөп сақтау орындарында өрт қауіпсіздігінің   алдын   алу   ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады.  Осы айлықта өткізілетін іс-шаралар баспа беттерінде мақалалар жариялау, бейнероликтерді көрсетуді ұйымдастыру, тұрғын үй аулаларында, көшелерде, елді-мекендерде, әлеуметтік қамтамасыздандыру объектілерінде, жем-шөп сақтау орындарында, көлік және байланыс кәсіпорындарында, білім беру мекемелерінде конференция-лар, нұсқаулықтар, кеңестер беру және тақырыптық лекциялар оқу, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінде лекциялар оқу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар жүргізу арқылы іске асырылады. Өрттің алдын алу және жол бермеу жұмысын жүргізу кезінде тұрғындар арасында жүргізілетін үгіт-насихат іс-шараларын жоспарлы, біркелкі және жүйелі түрде тереңдету арқылы және де балабақша мен мектеп қабырғасынан бастап жүргізуді жандандыру азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігіне деген көзқарастарының деңгейін арттыруға және тұрғын үй қорларының өртке қарсы қорғанысын күшейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Ж.Нұрмаханұлы,

Сарысу ауданы төтенше

 жағдайлар бөлімінің бас маманы,  азаматтық қорғау

аға лейтенанты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.

Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.   Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға  болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуге керек. Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

Ә.АБДРАХМАНОВ,

Жаңаарық ауылдық

округі әкімі аппаратының

бас маманы

Вирусты гепатиттің

алдын алу

Гепатит-бауырдың қабынуы. Оның 5 түрі бар: A,B,C,D және Е деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Бәрінен қауіптісі – Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын.

Сырқаттардың 90 пайызы – өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі-сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін.

А және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Егер дұрыс зарарсыздандырылмаса, маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақталған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал.

Ал қалған түрлері – науқас адамның қаны арқылы  және де сілекейі, жыныстық қатынас арқылы жұғады. Тырнақ, бет-тері әрлеу кезінде де, тіс емдеу кезінде де жұқтыруы мүмкін. Сондықтан сақ болу керек.

Алдын алу шаралары:

— Таза ауыз су ішу

— Тазалық гигиенасы ережелерін сақтау

— Санитариялық шараларды арттыру

— Иммунитет көтеру

А.Ермек,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.