ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ
Жолдау халыққа керекті мәселелерді қамтыды
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы туындаған міндеттер іске асып жатыр. Қала және ауылдық округ әкімдерін сайлауды халық арасынан таңдау өте дұрыс қабылданған шешім.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария-лады. Жолдауда басты қозғалған тақырып — қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шешімдер болды.
Президентіміз айтқандай, қазір еліміз күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қиын кезеңде өз қызметтеріне асқан жауапкершілікпен қараған азаматтарға алғысын білдірді.
Медицина қызметкерлерінің адал еңбегін бағалап, осындай қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына ризашылығымыз шексіз. Осының барлығы Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі екенін айта кеткеніміз жөн болар.
Сонымен қатар, дәл қазіргі таңда біз реформаларға тың серпін беруге тиіспіз. Жемқорлықпен күрес, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды бірінші орынға қою керектігі жайлы баса айтқаны әрбір қазақстандық үшін маңызды екені мәлім.
Президентіміздің ауылшаруашылығын дамытудағы ұсыныстарын да қолдаймыз. Себебі, ауыл шаруашылығының дамуы — біздің бәсекеге қабілетті ел болуымыздың бірден-бір кепілі.
Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. Осындай қолдаудан кейін кәсіпкерлер барын салып жұмыс істеуге міндетті. Заңмен қорғалған бизнес қоғамға барлық жағынан пайдалы болуға тиіс.
А.Каликова,
аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері