Президент жолдауы-ел мүддесіне арналған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылғы Жолдауы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп атады. Олай атаудың өзіндік мәні бар. Жолдауда айтылған әрбір сөз, әрбір тапсырма әр қазақстандық үшін өте маңызды дүние. Жолдауда біздің кемел келешегіміз, жастарымыздың жарқын болашағы үшін, еліміздің өсіп-өркендеуі, халқымыздың мызғымас достығы мен парасаттылығы жатыр. Оның ішінде нақты білім беру саласының мәселелеріне тоқталатын болсақ. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектептін іргетасы қаланатыны ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатқаны көңілді қуантады. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мерейлі міндеті. Мұндағы ең түйінді сөз – «Сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет деді. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек делінді. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн.Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек. Бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады. Мемлекет басшысының ел мүддесі үшін «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынатынын ерекше атап өтті. Сол қордың арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Осындай сеніммен мүмкіндік беріп отырған ел басшысы болашақ жастардың білім алуына барлық мүмкіндіктерді қарастыруда
Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы.
Г.Сыздықова,
Байқадам Қашқынбаев
атындағы орта мектептің директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Маќсатымыз айќын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»атты жаңа Жолдауын арнады. Қасым-Жомарт Тоқаев: — Әрине, бұл – ауқымды әрі күрделі міндет. Бірақ біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе. Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауға тиіспіз.
Мен еліміздің даму бағдары туралы пайымдарымды үнемі айтып жүрмін. Соны тағы да қайталағым келеді. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз, — деді. Бұл -нақты айтылған сөз. Жүйелі ой мен келешекке деген айқын жоспар. Жолдауда туындаған міндеттемелер мен нақты бағдар көп. Мемлекет басшысының бізге артқан сенімінің арқасында еліміз қарыштап, дамып келеді. Алға даңғыл мақсат қойып, болашаққа нық қадам басқан сәтте Жолдауды қолдау аса маңызды екенін айтқым келеді. Ел болып, талай қиындықтарды еңсеріп, тәу етер Тәуелсіздігіміз нығайған шақта нағыз «Азияның барысына» айналуда серпіліспен қадам басамыз. Сондықтан, бірлігімізді сақтай отырып, көгілдір аспанға қыранымыз еркін ұшқан бейбітшіліктің еліне айналайық. Сергектікке бой беру үшін сенімділік керек. Алдағы күнге деген үміт мол. Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауын ұлт болып қолдайық!
З.жүнісова,
Д.Қонаев атындағы орта мектептің тәлімгері.