Мүмкіндіктерге арналған басты қадам

0

Күздің алғашқы күнінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жылдар мен жолдарды тоғыстырған әр Жолдаудың маңыздылығы зор болады. Бұл Жолдаудың бағыты ерекше, мәні бөлек. Бүгінгі Жолдауда маған мына мәселелер көңілге медеу болды. Біріншіден, елдің әлеуетін арттыруда ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге көтерді. Бұл тұрмысты түзетуде бағытталған жұмыстың алғашқысы. Екіншіден, аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін халық сайлайды. Бұл халық пен биліктің арасындағы «алтын көпір» іспеттес ұғым болары анық. Әкім халқына етене жақын болуы керек. Үшіншіден, Су ресурстары және ирриграция министрлігі құрылады. Су — тіршіліктің қайнар көзі. Осы орайда, су мәселесін шешуде енді министрлік тікелей білек сыбана кіріседі. Төртіншіден, «Жайлы мектеп » жобасы аясында елімізде 400 мектеп бой көтереді. Білімге көңіл бөлуде осындай игі жұмыстардың маңызы зор. Бесіншіден, агроөнеркәсіпті дамытуда өнім үлесін 70% ға жеткізуге тапсырма берді. Отандық өнімге қолдау көрсетіп, шаруалардың мәселелерін шешуде қауырт тірліктер күтіп тұр. Қорыта айтқанда, алда үлкен өзгерістер болғалы жатыр. Бастысы «сең қозғалды». Енді Жолдаудағы міндеттемелерге баса мән беріп, іске асыратын болсақ, біз алмайтын асу, бағындырмайтын қамалдың болмайтыны анық.

Ш.МҰСАБЕКОВ,

аудандық мәслихат төрағасы

Жолдау-саяси өзгерістердің жалєасы

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын бар ынтаммен тыңдадым. Халықтың тұрмысын жоғарылату мақсатында төменгі жалақының 85 мың теңге болуы әлеуметтің әлеуетін арттыруда маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Сонымен қатар, «Қарызсыз қоғам» жобасы турасында айтқан сөзі Мемлекет басшысының аталмыш жобаға оң көзқарасты танытатындығын білдірді.

— «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет» деп, жобаның аса маңыздылығын айтты.

Халықтың қарыздардан құтылып, алға дамудың жолын табуға жобаның тетіктерін дұрыс пайдаланып, мүмкіндіктерді қалт жібермеу қажет. Тәуелсіз еліміз еңсесін тіктеген шақта түрлі сынақтардан сүрінбей сарабдал саясаттың көшін бастау керек. Ендеше, осындай игілікті жобаның нобайын ұлт арасында насихаттау ауадай керек. Мемлекет басшысының Жолдауын қолдай отырып, кемел келешекке даңғыл жол бастаймыз Президентіміз сеніп тапсырған сенімін «AMANAT» партиясымен ақтайтынымызға кәміл сенемін.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар көп. Жолдаудағы міндеттемелерді іске асыратын кез келді.

Партиямен бірге Жолдауды қолдайық!

М.ЕСМҰРЗАЕВ,

 «AMANAT» партиясы

Сарысу аудандық филиалының төрағасы

Маңызды құжат

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Ел Президентінің Жолдауы биыл да білім күнімен сәйкес келіп отыр. Аудан ардагерлер де жолдауды үлкен ықыласпен тыңдады. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы Парламент палаталарының бірлескен отырысында баяндалды. Жиынға ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысты. Президент Жолдауында мемлекет пен халық үшін көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Жолдаудан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсылыққа ұмтылыс, жағымды жаңалық күтіп үйренгені де рас. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдау да ел назарын аударды. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді Үкіметке тапсырды. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.

«Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек. Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланыс-ты», – деді Президент.

Ж.ЖҰМАДІЛДАЕВ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.