Игіліктегі игі істер

0

Игілік ауылдық округінде 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып өтсем «Ауыл аманаты»  жобасы аясында 4 рет ауыл тұрғындарына семинар-кеңестер өткізіліп, нәтижесіне 108 – өтінім түсті, Тараз Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясына 89 азаматтың құжаттары толығымен өткізілді.

Жалпы 652 млн. 900 мың теңгені құрады. Жоба толықтай іске асса әлеуметтік көмек алатындар саны тағы да 2 отбасына азаятын болады.  Мал басында өсім бар. Бүгінде МІҚ 2813 басты, қой-ешкі 27024 басты, жылқы 1036 басты, түйе 337 басты, құс 1570 басты құрады. Мал індеті жоқ, екпе емдеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Ауылдық округте жер көлемі 84403,5 гектар аумақты құраса, оның ішінде егістік 3514,42 гектар, суармалы егіс 1489,88 гектар, жайылымдық 51309,63 гектар, шабындық – 3422,13 гектар жер бар.

Шалғысын қайрап, шаруа-лар мал азығын дайындау жұмыстарын бастап кетті. Қазірдің өзінде 8500 тоннаға жуық табиғи шөп шабылып, жиналды.

Биылғы жылғы 250 гектар жаңа жоңышқа егілсе, суармалы жерге 30 гектар арпа себілді. Тәлімдік жерге 1000 гектар мақсары, 400 гектар күздік бидай, 420 гектар арпаны құрап отыр. 40 гектар бақша, 10 гектар картоп, 600 гектарға жүгері егілді. Қазіргі таңда егістік алқаптарында жоңышқа ору науқанының 1 кезеңі аяқталды.

Ал, игерілмеген 993 гектар жайылымдық жер мемлекет қорына өткізілді. Дала жұмысында 153 мүшесі бар «Игілік» ауыл шаруашылығы кооперативінің үлесі зор.

Шаруалар мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жеңілдіктерге қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда: лизингпен 1 шаруа 13 млн. теңгеге Беларус «МТ 82,1» тракторын «КУН» тіркемелерімен алса, «Жайылымды суландыру» бағдарламасымен 1 өндірістік кооператив пен 3 шаруа қожалық 5 құдық қаздырды. «Кеңдала» бағдарламасымен 1  шаруашылық 8,0 млн. теңгеге қол жеткізді. Несие алып көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны мен тұқым сатып алды. Жаңа бизнес идеяларын іске асыру бойынша 1 көпбалалы анаға қолдау көрсетіліп 1 млн. 380 мың теңге грант берілді.

Ауыл тұрғындарына үй іргесіндегі сауынды сиыр малы мен кезектегі қой-ешкі жаюға 2086,3 гектар маусымдық жайылым жер бекітіліп  берілді.

Сонымен қатар, Өндіріс ауылындағы клуб үйі күрделі жөндеуден өткізілуде. Игілік ауылдық округі әкімі ғимараты шатыры толығы мен айырбасталып алдына көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Игілік ауылдық округінде игі істер әлі де жалғасын табады.

Игілік ауылдық округінің әкімі аппараты

Марат мырзаның мәрттігі…

Ерім дейтін ел болмаса,

Елім дейтін ер қайдан шығар…

(Халық даналығы)

Түркістан ауылдық округіне қарасты Үшбас ауылының жазы жадыраған жайсаң да жайдары, қысы дүлей, қары қалың, бораны аса қатты боранды-дауылды аймақ екендігі бәрімізге белгілі. Осы қатал табиғатта қыстың қаhарлы күндері пенденің басы ауырып, балтыры сыздаса өте қиын екендігі ақиқат.

Осы  ауылдағы  ескіріп, тиісті мекемелер арқылы апатты деп танылған ескі фельдшерлік пункт ғимараты ертеректе ауыл ішінен ыңғайлы, бораннан таса, ықтасын жер табылмай тура боран мен желдің өтіне соғылған еді. Ғимарат ауыл шетінде дүлей боранның жолында орналасқандықтан науқастанған адамның баруы да аса қиын болатын.

Енді осы қиындықтың барлығын көріп-біліп, көкейіне түйіп жүрген ауыл азаматы Марат Алмабайұлы жаңадан соғылатын фельдшерлік пунктке бораннан тасалау жер іздеп келген  аудан әкімі С.Мамытов пен ауылдық округ әкімі А.Шортанбаевқа халық игілігі мен ауылдастарының қамы үшін өзінің бос тұрған үйін  тиісті жер телімімен қоса құрылыс соғуға ешқандай ақы-пұлсыз берді. Бұл жерде айтпағымыз, қазіргідей нарық заманда осындай мәрттік, азаматтық жасаған Марат Алмабайұлына деген ырзашылық сезімімізді халық алдында білдіруден туған ниет еді.

Ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде

Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылынан ауыл тұрғындарының игілігі үшін қоғамдық монша мен шаштараз ашылды.

Монша сенбі, жексенбі күндері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Сыйымдылығы  10 адам.  Бұл жақсы істі ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жылқыбаев Нұрбол Мәлікомарұлы меншікті қаражатына ашып, халықтың алғысына бөленді.

Әр  апта сайын өздерінің шаштары мен балаларының шаштарын қидыру және моншаға түсу үшін 18 шақырым жердегі аудан орталығы Жаңатас қаласына бармай-ақ ауылда  өз қажеттіліктерін өтеп жүрген тұрғындар осы бастаманы іске асырған Нұрболға дән риза.

Ж.Байысбекұлы, Ә.Бүркітбаев ауылының тұрғыны

Leave A Reply

Your email address will not be published.