ТАҒАЙЫНДАУ

0

Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №326-ө  өкіміне сәйкес Рысдәулет Құдайберген Жамбылұлы  Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Рысдәулет Құдайберен Жамбылұлы 1981 жылы 5 қазанда   Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,  Өндіріс  ауылында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін   «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  болып бастаған.

2005-2008 жылдары «Сарысу» аудандық газеті редакциясында корректор, фототілші, бөлім меңгерушісі, 2009-2014 жылдары Қазақстан Рес-публикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің маманы, аға маманы, бас маманы, бөлім бастығы, 2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттау бөлімінің бас маманы, 2018-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі сая-сат басқармасы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Отбасылы, 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.