ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУҒА МІНДЕТТІ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының Сарысу ауданында сақталуы жөнінде жиын өтті.
Жиында облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев, облыс әкімі аппаратындағы Әдеп жөніндегі уәкіл Елдос Бекпатшаев күн тәртібіндегі мәселеге байланысты сөз сөйледі. Ағымдағы жылдың 24 — 28 шілдесі аралығында облыстық Әдеп уәкілі тарапынан ауданда жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысын тілге тиек етіп, ауданда есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алмағанын, Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесі жолға қойылғанын айтып өтті.
Басқосу барысында аудан әкімі ауданда жыл басынан Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, анықтамада көрсетілген ұсыныстар бойынша аудандық Әдеп жөніндегі уәкілмен бірге тиісті жұмыстардың атқарылатындығын жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізген қонақтарға алғысын айтып, жиынды қорытындылады.
С.Есқараев, «Sarysý»