СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

0

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде орын алып отыр, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғас-тырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.

Сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілген болатын.  Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Одан бөлек елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады»-дегендей халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келіп жатады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Әсіресе жаңа өсіп келе жатқан жас буынды білімді болуға, кез-келген жағдайда әділеттік танытуға, шындыққа тура қарауға тәрбиелеуіміз қажет. Әр адам қоғамның құраушысы болғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, жол бермеу баршамыздың басты міндетімізге айналғанда ғана бұл қоғамның дертінен құтыла аламыз деп ойлаймын.

Ж.ИМАНБАЕВ,

аудандық қазынашылық басқармасының

басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.