КЕҢЕС БЕРУ АЛАҢЫ
Мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыруда бірқатар нақты жобалар мен жастарды қолдауға арналған бағдарламалар іске көшуде. Жұмыс істеймін, кәсібімді ашамын деген жастарға қызметтің сан алуан түрлері бар. Тек ниет қана керек.
Деректерге сүйенсек бүгінгі таңда, аудан жастарының саны 14083. Өз жолын адаспай тауып, бағыт-бағдарларға құлақ асуда шынайы сенім керек. Сол мақсатта жастарға кеңес беру алаңының көмегі зор.
Аптаның сәрсенбісінде қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында «Жастар ресурстық орта-лығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жастарға кеңес беру алаңы өткізілді. Аталмыш шараға 18-35 жас аралығындағы уақытша жұмыссыз жастар, жеке кәсібін ашатын жастар немесе кәсібін дамытушы жастар қатысты. Кеңес беру алаңында жұмыспен қамту орталығының маманы Р.Момбетов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Н.Советов, және діни, психологиялық кеңес беруші мамандар жастардың көкейлеріндегі сауалдарына жауап беріп, түрлі бағдарламалар тиянақты түсіндірілді. Шараға ниетті 100-ден аса жастар қамтылды.
Жалпы мұндай жұмыстар жастар үшін маңызды. Кеңес беру алаңы тоқсан сайын өткізіліп отырады. Ауқымы мен аясын кеңейту де көзделіп отырған шара мемлекеттік жастар саясатының маңызды бөлшегі болып қала бермек.