ЖАСТАРДЫҢ ЖАРШЫСЫ «SARYSÝ»
Қоғаммен бірге қайнатып, буынмен бірге бітескен аудандық басылымның жастар үшін берер тәлім мен тәрбиесі мол. Әр нөмірі қызықты әрі танымды ақпараттармен толысады.
Мағыналы әңгімелер мен қажетті кеңестерді іздесең төл басылымнан табасың. Келелі ой мен тың деректерді жеткізуде газеттің рөлі басым. Жастардың қолдаушысына айналып, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауда үздіксіз қызмет етіп жатқан басылымның тірлікпен біте қайнасқанын сансыз деректер мен түрлі дәйектердің ізін көруге болады. Бәйтеректей биік, шаңырағы берік газетке алғашқы болып жазылған белсенді жастарымыздың бірі аудандық мәслихат депутаты, қоғам белсендісі Бауыржан Балғабай жазылымда шет қалмауға тырысады. Өз сөзінде Бауыржан Берікбекұлы: — Жастар қоғамның қозғаушы күші болса, газет жастардың қанаты деп білемін. Сергектікпен қатар сенімділікті сыйлайтын төл басылымға жазылу жастар үшін үлкен қолдау. Сондықтан барша замандастарымды жазылу науқанында белсенділік танытуға шақырамын, -деді.
Жастармен жаңашылдыққа ұмтылып, ұранды сөздерді болашақ ұландарға жолдауда басылым салмағының басым екенін білеміз. Сондықтан, газетке жазылуда аянып қалма, жас өрен!
С.Тоқбанов, «Sarysý»