Ауқымды жұмыстар мен іске асырылатын жобалар бар

0

Байқадам ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру бағытында бүгінде білім саласында 5,   мәдениет саласында 1 нысан, ветеринария саласында 1 кәсіпорын, 327 жеке кәсіпкер, 3 ЖШС, 24 шаруа қожалық тұрақты жұмыс жасайтын болады. Саяси ахуал тұрақты. Округте мал басында өсім бар. Егістік бағытында 334 га суармалы жер толығымен қамтылатын болады. Округте 4 бюджетке жоспарланған салықтар 13,1 млн 100 пайыз орындалады.  

Жоспарға сәйкес ауыл ішіндегі тал – дарақтарды, қоғамдық орындарды суландыру мақсатында «Күлтөбе» каналы (ұзындығы 2,5 км) ауыл тұрғындарының көмегімен тазаланып, қазылды. Осы канал арқылы су әкелініп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ескерткіші,  «Ақбота» бөбекжай бақшасы және орталық көшелерге су жеткізілді.

Әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, барлық мекемелердің ауласы, көше бойлары қоқыстардан тазартылды. Белгіленбеген орындарға қоқыс және құрылыс материалдарының қалдықтарын төккен азаматтарға ескертулер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

Жиналған қоқыстар МТЗ-80 тракорымен арнайы орындарға шығарылды. Көтемгі тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 1 134,0 млн теңге қаржы бөлінді. Көріктендіру жұмыстарына сәндік талдар, жеміс ағаштары және қара талдар алынды. Оларды мемлекеттік мекемлердің ауласына, орталық саябақтарға отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

«Жомарт жүрек» жобасы аясында Саудакент ауының жастары Майлыбай мешітінің жанынан діни рәсімдер өткізуге арналған ауыз ашар, ас беру шараларын жүргізу үшін тамақтану орнынның құрлысы басталды. Жалпы жоба құны 7  млн теңгені құрайды.

2023 жылға атқарылатын жұмыстар

Биылғы жылға ауылымызға  М.Маметова қиылыс көшесіне жарық орнату жұмысын жүргізілетін болады.Бұл жұмысқа 4,3 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

Ұ.Сыздықбайұлы көшесіне кіші футбол аланшасын орнату жұмыстыры жүргізілетін болады.Кіші футбол аланың салуға биылғы жылға 16,2 млн теңге қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар Абдиров көшесі бойындағы мүрденің қоршау жұмыс жүргізілетін болады. Бұл жұмысқа 18,9 млн теңге бөлініп отыр.

Биылғы жылға ауылымызда жөңделмей тұрған Сармолдаев, Абылайхан және Ш.Уалиханов көшелерінің жолдарын жөндеуге қаржы қаралып Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы  мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырылуда.

М.ӨКСІКБАЕВ,

ауылдық округ әкімі

Үздік оқырман  анықталды

«Ақтоғай» орта мектебінде 2020 жылдан бастап  «Оқуға құштар мектеп» жобасы  жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін айрықша атап айтқан

болатын.

Бұл  тапсырманы орындау үшін “Оқуға құштар мектеп ” жобасы енгізілді. “Оқуға құштар мектеп” жобасы оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға  бағытталған жоба. Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында  мектебімізде демеушілердің көмегімен  «Үздік оқырман» байқауы жарияланған болатын. Жас ерекшеліктеріне қарай кітаптар белгіленіп берілді. Сыйлыққа 5,10,20 мың теңгенің сертификаттары мен бағалы сыйлықтар дайындалған болатын. Байқауға демеушілік жасаған 1984 жылы мектеп бітірген түлектер мен мектептің педагогикалық ұжымы және де ата-аналар комитетінің төрайымы Сәулембаева Гүлнұр.  Белгіленген кітаптар бойынша мамыр айының 18-19 күндері «Оқуға құштар мектеп» жобасында «Үздік оқырман» атты мектепішілік байқауын өткіздік. Байқауға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Әміреев, қазақ тілі пәні мұғалімдері Жексенбина, Д.Нәшірбаева. ауылдық кітапхана қызметкері Ж.Сапарбаева мен ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Сәулембаева әділ қазы мүшелері  болды. Байқау екі кезеңде өтті. 1-ші кезеңде оқушылар өздерінің оқыған кітаптары бойынша сұрақтарға жауап берді. 2-ші кезеңде бастауыш сынып оқушылары түрлі ертегілер бойынша көріністер көрсетіп, жоғары сынып оқушылары өздері оқыған шығармаларынан қойылымдар көрсетті. Үздік шыққан 6-сынып оқушысы Ыдырыс Еңлік 10 мың теңгенің сертификатын иеленсе, басқа да жақсы  қатысқан оқушылар сертификаттармен және де сыйлықтармен марапатталды. Байқау мектептің фейсбук парақшасына салынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы алдағы оқу жылында да жалғасын табатын болады.

М.Ошақбаева,  «Ақтоғай» орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Игіліктегі игі істер

Игілік ауылдық округінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтарының 90 %-ы егіншілікпен айналысады. Биылғы жылы шаруалар  600 гектар жерге жүгері, 320 гектар күздік бидай, 405 гектар арпа, 900 гектар мақсары, 200 гектар жаңа

жоңышқа егілді.

Қысқа мерзімді «Кеңдала» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 шаруашылық жанар-жағармай және тұқым алу үшін 8,0 млн. теңгені  қысқа мерзімге 5 % өсіммен несие алды. Мемлекеттік   бағдарлама шаруаларға тиімді қарастырылған. Атап айтар болсақ бағдарлама бойынша тамшылатып суару құралдарының тамшылату таспаларын (лента) сатып алуға, күздік дақылдарды егуге, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына беріледі.

Ауыл шаруашылық техникаларын  лизингке алу бойынша «Қасымхан», «Нұрсаян», шаруа қожалығы 2 бірлік техникаға сұраныс беріп, келісім-шартқа отырды.

Игілік ауылдық округі әкімінің аппараты

Көңілді достар алаңы

Мектепті аяқтап, жазғы демалысты көңілді әрі ұмытылмастай өткізудің сан алуан түрлері бар. Оқушылардың бірі ауылға аңсап жетіп, ата — әженің қолынан құрт-май жеп, ауылдың шаңын шығарып, асыр салып ойнаса, бірі әсем қалаларға саяхат жасап, зәулім ғимараттардан жан рақатын табады.

Осындайда жаңа достарды тауып, бірлік пен достыққа шақыратын лагерьдің жастарға берері көп. Лагерь — бұл креатив пен керемет кештің ордасы. Жаңашылдық пен ұйымшылдыққа жетелейтін демалыс орында балалар жыл сайын баруды әдетке айналдырған.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Сарысу ауданы білім     бөлімі Жаңатас қалалық аула клубының ұйытқы болуымен үстіміздегі жылдың 5-ші маусымнан бастау алған «Балауса», «Балдырған», «Тұлпар» топтары іштерінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Шараға клуб директоры А.Досжанова, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Ашылуда сөз сөйлеген А.Досжанова лагерьдің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға жақсы демалыс тіледі. Лагерьге бірінші ауысымға үш топтан жалпы 75 бала жазылды. Топ іштері лагерьге сай безендірілді. Үш топта концерттік бағдарлама ретінде ашылуын өткізді. «Балауса» тобының бүлдіршіндері «Қуыршақ барби», «Тока, тока», «Қошақаным» секілді билерді билеп, көпшілік қошеметіне бөленсе, «Балдырған» тобының бүлдіршіндері «Үнді», «флешмоб»  билерін билеп көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. Сондай- ақ, өнерпаздардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» атты хор, «Ақ құсым» әндері шырқалды. «Тұлпар» тобының бүлдіршіндері де әр түрлі билерімен және бала әндерін шырқап, кештің көңілді өтуіне үлес қосты.

Бүлдіршіндерге «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде әр түрлі шараларға қатысып, күндерін қызықты өткізулеріне сәттілік тілейміз.

С.Тоқбанов,

«Sarysý»

Мен жазғы демалысты қалай өткіземін?

Жайдарлы күндерге толы жаз мезгілі маған қатты ұнайды. Оқу жылы аяқталған соң жазғы демалысты асыға күтемін. Себебі, жазда көптеген жоспарларым орындалады.

Ауылға барып, қыдырғым келеді. Күнге қыздырынып, ауылдың таза суына шомылсаң жаныңды сергектік бөлейді. Ауылдың таза ауасы жанға жайлылық сыйлайды. Жаз мезгілі мен үшін өте ерекше. Каникулда отбасымызбен көңілді күндерді бірге өткізгенді ұнатамын. Мектепті әрине сағынамын. Бірге оқыған сыныптас-тарыммен хат алмасып, байланыс жасап тұрамын. Ыстық ұяммен үш айға қоштасып, жазғы демалысты жаңашылдықпен өткізуде мен өзіме күнделікті мақсат құрып, соған жетуге бар күшімді салудамын. Әр күнім — мен үшін ыстық естелік. Әр сәтім — мен үшін ең бағалы сыйлық. Жазғы демалысты телефонға телмірмей анама үй шаруасына қолғабыс етіп, алғысын алу мен үшін мәртебе. Мектепте әппақ қыз болып жүрген мен енді ауылға барып күнге күйген қап-қара қызға айналамын. Осы түрімді көргенде кейде еріксіз ғана жымиып, өзімнен — өзім күлемін. Күзге дейін ағарып, қайтадан өз қалпыма келемін ғой. Анам мені үнемі ақ қағаздай әппақ қызым деп еркелетеді. Үйдегі ағам да үнемі қамқоршылық жасап, бағыт- бағдар беріп жүр. Осындай тату -тәтті отбасыммен әрдайым мақтанамын.

Сонымен,   мен    жазғы   демалысымның әр күнін қойын дәптерге жазып алып жүремін. Ал, қалғанын Сіздерге күзде айтып беремін…

Кәусәр Саин,

Абылай хан мектеп-лицейінің

5 «в» сынып оқушысы

Ертеңгілік өтті

    «Қарлығаш»    бөбекжай-бақшасында   «Құлыншақ»  тобында  бүлдіршіндердің   «Қош  бол,  балабақшам »  атты  ертеңгілігі 

болып өтті. 

Ертеңгілікке   14  бала  қатысып,  бөбекжай мен     қоштасты.    Ертеңгілікте  бүлдіршіндеріміз   қоштасу  әндерін  айтып,  көрермендердің қошеметіне бөленді    және ойын  ойнап   түсті  ажырата  білді.  Ертеңгілік барысында «Мен  мектепке  барамын»  деген  әнді   айтып,  көпшілікке  көңілді  ән  сыйлады.  Бүлдіршіндеріміз  тәрбиешілерімен   бірге   ән  айтып   өнерлерін  көрсетті.    Ертеңгілік  соңында  бөбекжай  меңгерушісі  Динара  Бөлтірікқызы  сөз  сөйлеп,  бүлдіршіндерге  тілек  айтып, бөбекжай  атынан  сыйлықтарын  табыстады. Ата-аналардын  қуаны-шында  шек  жоқ.  Өйткені  балалары  бөбекжайды  аяқтап,  үлкен  мектеп  ордасына  аяқ  басқалы тұр. Ата – аналар  тәрбиешілерге  алғыстарын  айтып,  көңілді  қайтты.

Н.бабашова,  музыка жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.