Түлектер тартуы

0

Мерекеге толы мамыр айында түлектердің ыстық ұяларына оралып, тарту жасайтын «Жомарт түлек» жобасы заңды құбылысқа айналып бара жатқандай.

Аталмыш жоба аясында жуырда Шоқай датқа атындағы орта мектепте 20 жылдық түлектермен кездесу өткізілді. Шараға түлектермен қатар, ауылдық округ әкімі — Ж.Жанайдаров, ұстаздар, ауыл тұрғындары мен оқушылар қатысты. Сөз сөйлеген Жанайдар Нағашбекұлы түлектерге алтын ұя мектебін ұмытпай ыстық ықыласпен келгендеріне алғысын білдіріп, отбастарына амандық тіледі. Ұшқан ұяға деген сағыныш пен мектепке деген тағзым, туған елге оралуға бағытталған кездесуде түлектер мектепке деген сағынышын жеткізіп, оқушыларды патриот болуға шақырды. Оқушылар келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, ыстық ықыласқа бөленді. Оқушылар тарапынан түлектерге түрлі сұрақтар қойылып, қызықты сұхбат жүргізілді. Шара барысында түлектер жалпы құны 2 миллион теңге болатын  балалардың түрлі жиындарында  күннен қорғайтын көлеңке болар бастырма сыйға тартты. Шоқай датқа атындағы орта мектептің директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары  М.Сейітов мектеп бітіргенініне 40 жыл болуына орай, өз жанұясымен алғашқы әскери дайындық сабағына қатысатын оқушыларға құны 200 000 теңге болатын 21 дана әскери форма сыйлады.

Мектеп директоры А.Миллионов ризашылығын білдіріп, мұндай шаралардың мектеп үшін сондай — ақ, жастар үшін маңызды екенін айтты. Көңілді тарасқан түлектер мектеп кезіндегі қызықты сәттерді еске алып, балалық шаққа қайта оралғандай болды.

Самат Тоқбанов,

 «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.