ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ, жемқорлықпен күресіп келеді. Жемқорлық бұл –заман дерті. Өкінішке орай, бұл дерт біздің қоғамымызды да айналып өтпеді. Дегенмен, аталған дертпен күресу, оны түбегейлі жою өз қолымызда.
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық күрделі мәселе, қоғамның «ауру» белгісі ретінде қабылдана бастады. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі — лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы. Бұл сатқындық тек қызметіңізге ғана емес, еліңізге, отбасыңызға жасаған сатқындық болып табылады. Себебі жемқорлық ұлт болашағы мен еліміздің дамуын тежейтін құқық бұзушылық.
Бүгінде әрбір азамат Жаңа Қазақстанды құру, осы жолда қандай да бір үлес қосу жайында ойланып жүргені анық. Осы үлес қосу ең алдымен адалдықтан бастау алмақ. Жаңа Қазақстанды құру жолында алар биіктеріміз бен қол жеткізуге тиіс мақсаттарымыз көп. Осы орайда, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Ол үшін әрбіріміз өз еліміздің, халқымыздың болашағын, Сіз бен біздің ұлдарымыз бен қыздарымыз адал әрі әділ қоғамда өсуіне өз үлесімізді қосып, жемқорлықтың қандай-да бір белгісімен жұмыла күресуіміз керек. Намысшыл, патриот, адал ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Е.Сұлтанбеков,
Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы
«Бастау» жұмыс тобымен атқарылған іс-шаралар
Статистикалық мәліметтерге сай, 2023 жылдың Сарысу аудандық сотымен 2023 жылдың маусым айының 02 күніне дейін неке бұзу туралы 62 арыз келіп түскен, қаралғаны 35 арыз, оның ішінде 17 іс бойынша шешім шығарылды.
Яғни жыл басынан 45 отбасы татуласып, өз некелерін сақтап қалды. Жалпы отбасылық қатынастарға қатысты азаматтық істер, оның ішінде алимент өндіру туралы 28 іс қаралып сот орындаушыға орындау үшін жолданған. Сонымен қатар, қаралған азаматтық істердің ішінде іс бойынша Билер кеңесінің мүшесі қатысып татуласу нәтижесін көрсеткен саны артуда. Бүгінгі таңда аудандық соттары Билер кеңесімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін тек қана отбасылық қатынастарға қатысты даулар ғана емес басқа даулар бойынша Билер кеңесінің мүшелері, яғни ақсақалдары жиын топтарын жасап, отбасы мүшелерін жиналысқа салып, өздерінің ойларын, пікірлерін, ақылдарын, салт-дәстүрге жататын аңыздарын айтып белсенді жұмыс жасалуда. Ажырасуға бет алған ерлі-зайыптылардың көпшілігі бір немесе екі баласы бар 20-25 жас аралығындағы жастар екендігі баса айтылды. «Олар жас болғандықтан ажырасу туралы көбіне қызбалықпен шешім қабылдайтынын түсіну керек. Әрі олардың проблемаларын, мүмкін болса осындай ресурстық орталықтарда, сотқа дейін шешкен жөн. Мұндай орталықтарда өз білімдерімен бөлісуге дайын, олардың проблемаларын түсінуге көмектесетін, қызметін кеңінен таратуға дайын білікті мамандар жұмыс істеулері керек.
Бұл ретте, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша нөлдік төзімділік сақталуы керек екендігі айтылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармағына сәйкес әзірленді. Осы стандарт тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін) немесе күндіз болуға (күніне екі сағаттан алты сағатқа дейін) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу және тұру ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын белгілейді.
Д.Кадеркұлқызы, судья
Суға шомылудың санитариялық-гигиеналық ережелері
Жазғы кезеңде су айдындарымен байланысты демалыс және демалыс кезеңі жалғасады. Су қоймасының түріне қарамастан, теңіз, өзен, көл немесе тоған болсын, әр адам судағы қауіпсіздік ережелерін білуі және қатаң сақталуы керек.
Таңертең немесе кешке күн жылы болған кезде шомылған дұрыс. Судың температурасы 18-19 градустан, ауа температурасы +20 +25 градустан төмен болмауы керек. Шомылудың ұзақтығы ауа мен судың температурасына, ауаның ылғалдылығына және желдің күшіне байланысты. Шомылудың ең қолайлы шарттары-ашық, тыныш ауа-райы, ауа температурасы +25 және одан да көп градус. Адам суда ұзақ уақыт болғанда гипотермиямен конвульсиялар пайда болуы мүмкін. Шомылу орны да маңызды. Ресми пайдалануға рұқсат етілген жағажайларда демалу және шомылу қауіпсіз, өйткені жағажайда құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. Жаяу жүргенде немесе «жабайы» тоғанда демалып жатқанда, судың қауіпті екенін ұмытпаңыз. Бейтаныс жерде шомылмаңыз, алысқа жүзбеңіз. Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жазғы кезеңде шомылуға пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасына мониторинг жүргізеді.
Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын-алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек: мүмкіндігінше тезірек гигиеналық душ қабылдаңыз, ешқандай жағдайда су қоймаларынан су ішпеңіз. Суға түсу және демалу үшін шомылуға рұқсат етілген аймақтарды ғана таңдаңыз, белгіленбеген орындарда шомылмаңыз!
С.Артықбаев, Сарысу аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы
Кенелер арқылы адамдарға жұғатын аса қауіпті аурулар ішіндегі Конго-Қырым геморрогиялық қызбасы (КҚГҚ) ауруының табиғи ошағының бірі Сарысу ауданы болып саналады. Күн жылысымен табиғатта көп кездесетін жәндіктердің бірі буынаяқты қансорғыштар тобына жататын кенелер осы ауруды тасымалдайды.
Көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының І және ІІ кезеңдері бекітілген кесте бойынша сәуір-маусым айларында жүргізіледі. Аудан тұрғындарын «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруынан қорғаудың алғы шарттарының бірі, тұрғындардың иелігіндегі ауылшаруашылығы малдарын және мал қораларын кенеге қарсы залалсыздандыру болып табылады. Ал, залалсыздандыру жұмыстарының сапалы болуының басты тетіктерінің бірі, мал иелерінің өз иелігіндегі малдарын уақытылы залалсыздандырудан өткізуі және залалсыздандыру жүргізудің алдында мал ұстайтын қораларының қи-қоқыстарын шығарып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу екендігі белгілі. Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасына қарсы көктемгі энзоотиялық іс-шаралары 2023 жылдың наурыз айында басталады. Жұмыстар сапалы жүргізілуі үшін қораны механикалық тазалаудан өткізу қажет. Тазаланбаған қоражай залалсыздандырылмайды. Құрметті аудан тұрғындары. Жоғарыда аталған мәселелерге баса назар аударып, кенеден қорғану бағытындағы сақтық шараларын естен шығармайық. «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруының алдын алу бағытында жүргізілетін іс-шараларға қолдау көрсетейік.
Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының Сарысу аудандық
ветеринария станциясы