СЕССИЯ ӨТТІ

0

Ағымдағы жылдың 24 және 26 мамыр күндері аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлының төрағалық етуімен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиялары өткізілді

Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Мамытов және тиісті әкімдік бөлімдер, кәсіпорындар, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің баптарына сәйкес, аудандық және қала, ауылдық округтер бюджеттері аудан әкімінің жеке-жеке ұсынуымен жергілікті мәслихаттардың сессияларында қаралып, бекітіледі. Ұсыныстарға сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты 24 мамыр күні кезектен тыс 3-і сессиясының күн тәртібіндегі «2023-2025 жылдарға арналған  аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады. Келесі кезектен тыс 4-і сессиясының күн тәртібінде «2023-2025 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №38-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені ағымдағы жылдың 26 мамыр күні қарап, бекітті.

Жоғарыда аталған мәселелер сессиядан бұрын өткен аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, барынша талқыланды. Талқылау барысында депутаттар тараптарынан хабарламашыға және сол жерде қатысқан мекемелер басшыларына біршама сұрақтар қойылды. Аудан бюджетінің қаражаттары нысаналы жоспарланғаны айқындалды.

Сессия  соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Мамытов Сәкен Үмбетұлы сөз алып, депутаттар тараптарынан айтылған қосымшалар мен ұсыныстар қабылданғандығы және алдағы өтетін сессияларға ұсынатындығы туралы айтты.

Сарысу аудандық

мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.