СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

0

Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бо-йынша әдістемелік көмек көрсету семинары өтті.

Семинарға  қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларды талдау бағытындағы өзекті мәселелерді және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының қолдану тәртібін қарау.

Жиын мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауынан бас-талды.

Бұдан кейін семинар-кеңестің күн тәртібіне байланысты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өзекті мәселелері бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу бөлімінің басшысы Ғ.Боранбаева хабарлама жасады.

Одан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер   саласында  жиі орын алатын заң бұзушылықтар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Құрбанов айтып өтті.

Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Б.Молдашев  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларға талдау жүргізу мәселелері бойынша тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Д.Искакова, Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы А.Тажиков, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы А.Тулеубаев,  ҚР «ҰАТ» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдігінің қызметкерлері Ғ.Құдайқұлов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алды.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Жаңа кітап

оқырмандарына жол тартты

 

Ай нұры, Алтын діңгек, Балаларға арналған әңгімелер, Киелі мұра, Шаг к любви, Дүние кілт, Біз табысар қиырлар, Саттар Ерубаев, Бақытжан Қаратаев.

Ұлт театры шаңырағын көтеруші, Әлихан Бөкейханов, Сен ғана атты роман-повест, балаларға арналған әңгімелер, зерттеу жұмыстары сондай-ақ бұдан басқа кітаптардың авторы, ауданның Құрметті азаматы, жерлесіміз Бейбіт Қойшыбаевтың тағы бір «Комиссар Жүргенов» атты кітабы оқырмандарына жол тартты.

Жуырда Қызылорда қаласында Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, оның есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, сыншы-көсемсөз иесі, ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына орай үлкен конференция болып өтті. Осы конференцияда жазушы, қарымды қаламгер, жерлесіміз Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» атты кітабының тұсауы кесілді. Конференция алдында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, кітаптың тұсауын кесті.

Жазушы өзінің осы кітабында: «Осылай Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Комиссар Жүргенов» романы дүниеге келген еді. Егер осы туынды үлкен ұлт қайраткерінің бейнесін жұртшылыққа кеңірек танытуға мысқалдап болса да қызмет көрсете алса — мақсаттың орындалғаны…»-деген.

Айта кету керек кітап үш бөлімнен: бірінші бөлім «Өмір», екінші бөлім «Тозақ», үшінші бөлім «Арылу» бөлімдерінде қоғам қайраткерінің  қысқа да болса мағыналы, қиын-қыстауға толы өмірі баяндалады. Ардақты азаматтың білімділікпен, парасаттылықпен, ыждағаттылықпен, іскерлікпен атқарған қызметтері айтылып, жас ұрпаққа ұлағат болатын тағылымды дүние жаңғырады.

Үлкен жүректі азаматтың қайталанбас тағдыры жайлы жазылған кітап оқырман қауымның жүрегін тебірентпей қоймайды. Сондықтан жаңа кітап бастан аяқ тұнып тұрған тәрбие және өнеге аларлық мол қазына деп түйіндеймін.

Камели СҮЛЕЙМЕНОВА, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.