МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ-ҚОҒАМ АЙНАСЫ

0

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.  Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізі ұсынымдары бар. Бұл ұсынымдар Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілерге таныстырылған және басшылыққа алу туралы ескертілген.

– «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтап халыққа адал қызмет көрсетуі керек.

А.Баймаханбетова, Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Грант алушылардың назарына

  1. Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:
  • Тіркелген жұмыссыздар
  • Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін)
  1. Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:
  • Көпбалалы тұлғалар-көпбалалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)
  • Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері
  • Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы)
  • Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері
  • Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар
  • Қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар
  • Мүгедек адамдар

*Тіркелген некеде тұрған адам көпбалалы бойынша жәрдемақы алушының немесе мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған адамның жұбайы (зайыбы) болып табылады. Егер неке (ерлі-зайыптылық) 2008 жылға дейін тіркелген болса, «электрондық үкімет» веб-порталында www.egov.kz «АХАЖ» АЖ-да мәліметтерді өзектендіру қажет.

  1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы.
  2. Мәртебесін тексеру сәтінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау.

Сарысу ауданы әкімдігінің «халықты жұмыспен қамту орталығы» Байланыс нөмірі:

6-10-60 Мекенжай

Жібек жолы 31Б

мүмкіндігі шектеулі  жандардың өмір сүру сапасын жақсарту

Сарысу аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің мәліметіне сәйкес ауданда барлығы 1661  мүмкіндігі шектеулі адам бар, о.і 1-топ -163,  2-топ- 518, 3-топ — 754, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар-226 адам.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар  мен қарттарға көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылған қызметтерге нақты тоқталсақ: 2023 жылдың 1 сәуіріне мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы аудан бойынша 73,2 пайызды құрап отыр. Әлеуметтік қызметтер порталында 346 көмек түріне өтініш түсіп, оның 253-і қанағаттандырылды. Атап айтқанда, протездік-ортопедиялық көмектер-74,2%, сурдотехникалық құралдар-100%, тифлотехникалық құралдар-100,0%,  арнаулы жүріп-тұру құралдары-50%, санаторий-курорттық емдеу-5,26%, ымдау тілі маманының қызметі -100%, міндетті гигиеналық құралдар-88,55%. МАОЖБ-ның орындалуы тұрақты бақылауда.

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 3 айда 118 жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға 13 әлеуметтік қызметкер және 74 мүгедектігі бар балаға 12 күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер қызметтерін көрсетуде.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 61 балаға өтініш тіркеліп, жәрдемақы тағайындалып 1207,5 мың теңге төленді.

«Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың белсенділіктерін арттыру мақсатында «Шұғыла» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі  арқылы ауданда  мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі жұмыс атқаруда. Осы қызметтің сапасы мен желісін кеңейту аясында атқарылған жұмыстың нәтижесінде бүгінгі күнге ауданда 30 мүгедектігі бар азаматтармен келісім шарт жасалып, 1 инватакси қызметімен қамтамасыз етілуде.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген Жол картасына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 2023 жылы бейімдеуге барлығы 15 нысан, оның ішінде: әкімдік -2, мәдениет саласы – 1 нысан, спорт саласы – 1 нысан, білім беру саласы – 11 нысан бекітілді.

Кәсіптік оңалту: мүгедектігі бар 22 азамат қоғамдық жұмыстарға,               1 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, жастар практикасына -1, 7 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. «Бастау-бизнес» жобасымен 7 азамат кәсіптік оқуға жолданды. Грантпен 8 азамат қамтылды.

Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.