СЕНБІЛІК-ХАЛЫҚТЫ ИГІЛІКТІ ІСКЕ ШАҚЫРУ
Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, үрдіске айналған сенбілік ауданымыздың көркеюіне көп үлесін қосуда. Сенбі күні Жайылма ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен тазалық айлығына орай «Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру» атты шара өтті. «Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ» дегенді ұстанған ауыл тұрғындары ұйымшылдықпен сенбілікке шықты.
Сенбілік барысында ауылдық округ бойынша қоғамдық орындар мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазаланды.
Мемлекеттік мекеме ұжымдарының қатысуымен өткен тазалық шарасында ауыл көшелері тазаланып, саябақтардың іші шөптен тазартылып, тал-дарақтары әктелді. Сонымен қатар гүлдер егіліп, қоқыс қалдықтары арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, ауыл тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырды.
Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып «Жыл сайын өткізілетін айлықтың мақсаты – туған жерді аздырмай, қолдан келгенше жайқалту. Қашанда халық үшін ауыл – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Ауылдың таза ауа-сын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат атамекенін қадірлеуге тиіс.